Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 341    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
19 Наурыз, 2010 12:27 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

"Ақ жайықтың" жаңа маусымға дайындығы


Биылдан бастап, ел чемпионатының премьер-лигасында өнер көрсететін «Ақжайық» жеңіс тұғырынан көрінуі тиіс. Байрақты бәсекеге дайындық барысында команда жаңа ойыншылармен толықтырылды. Оралдық футбол жанкүйерлерінің намысын жыртатын команданың жаңа мүшелері бұрынғы ресей футболшылары.

Биылдан бастап, ел чемпионатының премьер-лигасында өнер көрсететін «Ақжайық» жеңіс тұғырынан көрінуі тиіс. Байрақты бәсекеге дайындық барысында команда жаңа ойыншылармен толықтырылды. Оралдық футбол жанкүйерлерінің намысын жыртатын команданың жаңа мүшелері бұрынғы ресей футболшылары. Ал Премьер-лигада барлығы 12 команда бақ сынайды. Келесі бейнематериалға назар аударайық.

Команда құрамына жаңадан қабылданған 3 ойыншы- кезіндегі ресейдің футболшылары. Шабуылдаушы- Дмитрий Козлов, орталық қорғаушы- Сергей Нюхалов пен жартылай қорғаушы- Виктор Мягков. Жаңа ойыншылардың қатарында орталық шабуылдаушы Никита Нюхалов, бұған дейін Хорватия клубында ойнаса, ал қорғаушы Ганы Мозес Саки бір уақытта Германия, Түркия мен Португалия командаларында өнер көрсеткен. Команданың ескі ойыншылары бұрынғыша доп тебеді. Клуб басшылары футболшыларға барлық жағдай жасалғанын айтып отыр.

Рашит Хуснутдинов
ТИТР: "Ақжайық"ФК бас директоры
Қазір жігіттердің жағдайы жақсы. Оларды ешкім мазаламасы үшін қаламыздағы қонақ үйлердің бірінің тұтас бір қабатын бердік. Сонымен қатар жаттығу жүргізілуі үшін жағдайдың бәрі қарастырылған. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бұдан басқа не керек? Ал қалғаны ойыншылардың жеңіске деген құлшынысы мен ерік-жігеріне байланысты..))

Жерлестеріміздің қатарына жуықта ғана қосылған 5 ойыншы өздерінің жаңа ортаға бейімделіп келе жатқанн айтады.

Сергей Нюхалов
ТИТР: команданың жаңа ойыншысы
Әзірге жаңа ортаға, жаңа жолдастарымызға бейімделіп жатырмыз. Жалпы жағдай жаман емес. Не қажеттің барлығы қарастырылған. Тіпті Ресейден кем түспейді деп айта аламын. Қазір жаттығу жұмыстарын қызу өткізіп жатырмыз. Тұңғыш ойынымызда бағытымыз көріне жатар. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын..))

22-наурыз күні Оралдық "Ақжайық" Павлодарлық "Иртыш" командасымен күш сынаспақ. Қазір ойыншыларымыз соңғы жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Түсіру тобымыз жаттығу алаңына да арнайы барды. Қазір стадион қардан тазартылып жатыр. Сондықтан да ойыншылар орталық саябақта шынығуды жөн санапты. Команданың бас бапкерінің сөзінше, "Ақжайықтың" дайындығы жақсы, бірақ, бәріне де ойын төреші.
Андрей Чернышов
ТИТР: "Ақжайық"ФК бас жаттықтырушысы
Жігіттердің жаттығуда өнер көрсеткені жақсы, меніңше алдағы ойындар сәтті өтуі тиіс. Әрі балалардың өздеріне үміт артқан жанкүйерлер жағын ренжітіп алмасына сенімдімін.))


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3904 & 14 Сұрау