|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Шүлбі ГЭС-інен қауіп жоқ!CНХ: Святослав Полторанин, Шүлбі ГЭС директоры Өңіріміздің БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында Шүлбі су-электр станциясының басшысы нысанда жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын, "платинада сызат пайда болды" деп көпшіліктің көңілін күпті еткен сөздің қауесет екенін атап көрсетті. ТЖ басқармасының қызметкерлері де Шүлбі шлюзі тарапынан семейліктерге төнген қауіптің жоқ екенін айтады. Әкімшілік қызметкерлері болса, халық арасында дүрбелең туғызып жүргендердің мақсаты - облыста жағдайды ушықтыру дейді. СНХ: Айтқазы Салтабаев, Ішкі саясат бөлімінің бастығы Ел арасында су тоғанының аузын бөгеп тұрған Шүлбі шлюзі жарылып, жиналған су бүкіл қаланы алып кетеді деген қауесет желдей есіп жүр. Сондықтан болар, қала тұрғындары шлюздің қазіргі жағдайы, егер су толып кетсе және басқа да қолайсыз жағдайлар орын алса, қалада апатты жағдай болуы мүмкін деп есептейді. Алайда, жергілікті билік және төтенше жағдайлар басқармасы қалалықтарды жел сөзге ермей, тек нақты ақпаратқа назар аударуларын сұрайды. Қазір төтенше жағдайлар басқармасында көктемгі су тасқынының алдын-алуды қадағалайтын шұғыл штаб құрылуда. Жағдай өзгере қалса, тұрғындарға алдын ала хабарланады деп сендіреді әкімдіктегілер. Ермек Исабаев, Нұркен Тоқмұрзин ШАБ
Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||