Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 546    Танымдылық: Орташа рейтинг : 6.50 Қайдан 2 Дауыстар   
19 Наурыз, 2010 15:24 ["ТВК-6" телеарнасы, Семей]

Ш. Уәлихановтың туғанына 175 жыл


Қазақтың белгілі ғалымы, әдебиет зерттеушісі, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлиханов 19-шы ғасырдың 2-ші жартысында қазақтың демократиялық-ағартушылық бағыттағы тұңғыш өкілдерінің бірі. Құйрықты жұлдыздай аққан қысқа болса да жарқын өмірінде өшпестей із қалдырған ғалымға арналған конференция Семей құрылыс колледжінде өтті.

Шоқан шығармалары қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі, Шоқанның өмірі мен еңбегінің қоғамдық ой- сана, пікір- тұжырымдардың өркендеуіне ықпалы еркеше болды. Кейінгі ұрпаққа баға жетпес мұра қалдырған ғалымның этнографиялық тарихи зерттеулерінде қазақ халқының болмысына, әдет ғұрпы, салты мен санасы, нанымдарына терең талдау жасалған.

СНХ: Мұхаметқазы Мұхаметқалиұлы
Этнограф - тарихшы

Ғалым қазақ халқының әдебиетін талдап, топтасытырып, оған өз тарапынан құнды пікір айтқан тұңғыш оқымысты. Ұлы ғалымның бай, бағалы да құнды мұралары оның құлашы кең әдебиет зерттеушісі екеніне ешбір күмән туғызбайтынын анықтайды.

СНХ: Мұхаметқазы Мұхаметқалиұлы
Этнограф - тарихшы

Конференцияға колледж студенттері мен ұстаздары және ЖОО-ның ғалымдары қатысты. Құйрықты жұлдыздай ағып өткен ғалым еңбектерінің құндылықтары мен мазмұнын өздерінше зерттеп, талдаған студенттер Шоқан шығармаларын жаңа бір қырыннан таныды деуге болады.

СНХ:Надира Уақаева
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ғалымның хаты өлмейді деген міне осы. Шоқанның өмірі мен ғылымыи қызметі ұмытылмақ емес. Ғасырлар өткен сайын ғалым бейнесі тұлғаланып, оның баға жетпес ғылыми зерттеулері келер ұрпаққа әлі талай рухани азық болары сөзсіз.

Ерзат Жанатұлы, Саят Тастанов, ШАБ.


Түпнұсқа

» 18 Наурыз, 2010 09:15 Ш.Уәлиханов. / "ТВК-6" телеарнасы, Семей

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.5379 & 15 Сұрау