|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Армысың, әз Наурыз!Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтарды бей-жай қалдырмайды және мерекеге бәрі атсалысады. Мерекені әркім өзінше, бірақ 22-ші наурызды ерекше көңіл-күймен атап өтеді. Біреулер Наурыз мейрамын көктемнің келуімен байланыстырса, екіншілері жыл басы ретінде тойлайды, ал енді біреулер бұл мейрамды республикамызда халықаралық ынтымақтастық, достық пен келісім күні деп есептейді. Ал, №6 мектеп-гимназияның 1-ші "г" сынып оқушылары Наурыз мейрамына орай үлкен іс-шара ұйымдастырып, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарын көрермен назарына ұсынды. ИНТЕРШУМ обряд Елімізде қазақ тілін сүйіспеншілікпен оқып-үйреніп жүрген өзге ұлт балаларының саны жыл санап артып келеді. Мұны мерекелік бағдарламаға қатысушылар тамаша көрсете білді және олар ықылым заманнан бері қалыптасқан Наурыз мейрамының барлық дәстүрін сақтауды жалғастырып келеді. ИНТЕРШУМ стихи Ал, Қыдыр ата бейнесіндегі бала ересек адам сияқты барлық қатысушыларға ақ батасын беріп, жақсылық пен молшылық тіледі. СНХ 1-ші г сыныбында 36 бала оқиды, 20 жылдық ұстаздық өтілі бар сынып жетекшісінің айтуынша, әрбір оқушы мерекелік шараға ерекше дайындалған. Оған көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ата-аналарының мақтаныш сезімдерін тудырған оқушылардың жарқын қойылымдары дәлел бола алады. Назым Зейнеғабылқызы, Нұркен Тоқмурзин ШАБ
Последние новости рубрики
05.01 (11:56) Жаңа жыл
12.01 (12:25) Президенттік стипендия 22.12 (11:45) Өнерге әркімнің де бар таласы 06.12 (14:51) Жастармен жұмыс істеудегі ең үздік мемлекеттік орган 06.12 (14:18) Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл 25.11 (10:34) "Мұхтар Әуезовтың ата-тегі" атты ғылыми шежіре жарық көрді 22.11 (11:17) Қарттар байқауы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||