Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 344    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
30 Наурыз, 2010 10:00 ["МТРК" телеарнасы, Петропавл]

"Театр мейрамы 2010"


Солтүстік Қазақстан облысында 4-ші "Театр мейрамы 2010" байқауы басталды. Өнер бәйгесіне Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры М.Жұмабаев поэмасының желісімен алынған "Батыр Баян" трагедиясымен түсті. Қойылым жұртшылықтың көңілінен шықты.

Интершум

Ел мен жер бүтіндігі үшін, өмірін ат үсінде өткізген Батыр баянның тарихта қалған ерлікке толы өмірін, халық осы пьеса арқылы тебіреніп, естеріне алды. Батырдың нар бейнесін - театрдың белді актері Нартай Сәрсенбаев сомдады. Туынды иісі қазаққа жақсы таныс дүние. Әсіресе, қанды шайқастарда тұтқынға түскен қалмақ қызын құлай сүйіп , онымен бірге ата жауының жеріне тартқан- інісі Ноянды алты алаштың намысы үшін өз қолымен өлтірген- батыр шері қалың көпшілікті тебірентпей қоймады.

ИНТЕРШУМ

Заман талғамайтын адамдық махаббат, ел жандылық ұлы сезімдер мен сатқындық көреалмаушылық жағымсыз қасиеттерді қамтыған 18-ші ғасырдың оқиғасы бүгінгі күндеде өз маңыздылығын жойған емес. Сегіз қырлы театр трупасының шеберлігін жоғары бағалаған облыс әкімі Серік Біләловтың атынан гүлшоғы табыс етілді.

ИНТЕРШУМ

Солтүстікқазақстандық өнер десе ішкен асын жерге қояр қауымның айызын қандырған Қызылжардағы үлкен мәдениет ошақтарының бірі - қазақ театры қоғам айнасы іспеттес. Сахна саңлақтары үшін басты баға нағыз сыншы көрермен қошеметі

ИНТЕРШУМ

М.Жұмабаевтың поэмасының желісі бойынша қойылған "Батыр Баян" трагедиясы көрерменнің көңілінен шықты. Әсіресе жастардың осындай қойылымды таңдағанына аға буын қуанды.

СИН:Рахмет Жүсіпов
ТИТР: ҚР еңбек сіңірген ұстаз
(Кәрі адамдардың бір көрген қызығы бір жас болып есептеледі. Кейінгі ұрпақтың осындай өсіп келе жатқандығы, тәрбиелі, өнерлі болғанына өте қуаныштымын. )

Жастар , туған елі үшін жанын беруге даяр, Баянның ерліктеріне бас шайқады. Алты алаштың ардақтысы атанған батырға ұқсағысы келетіндер де көптеп табылып жатты. Олар осы сияқты тарихи қойылмдар көп болса дейді.

БЛИ愦灭л1 Батыр баянның кім екенін білдім, ол бізге мектепте керек болады. спектаклдегі қыз барлық актер актрисалардың өнері маған ұнады.
2 Бүгінгі қойылым қазақтың батырлығының керемет үлгісін көрсетеді. өте керемет спектакль
3 Жұрт жақсы көңіл күймен шықты. өте сәтті өтті. Рахмет айтамын.

Қазылар алқасыда әртістердің жұмысына өз бағасын берді.

СИН: Зейнолла Әкімжанов
ТИТР: қазылар алқасының мүшесі
(Қазы ретінде көрермен ретінде менің көзқарасым бір арнада тоғысты деп айта аламын. Театырымыздың осы қойылымы кез келген сахнада жақсы баға ала алады. Ойындары көңілімнен шықты. Жұрттың қол соғуыда тегін емес. Осының бәрі театр шеберлігінің деңгейін көрсетеді.)

Байқау аясында 65 жыл бұрын Чикагода сахналанған американдық драматург Теннеси Уильямстің "шыны хайуанаты" пьесасы да қойылмақ. Бұл туынды алғаш рет 1944 жылы Чикаго қаласында саханаланған.

СИН: Біржан Жалғаспаев
ТИТР: толық жаз көркемдік жетекші
( Халықаралық театр күніне орайластырылған театр мейрамы байқауы шығармашылық топқа арналған сый. Ең үздік әйел, ер бейнесі, үздік эпизот, екінші пландағы әйел, ер бейнесі,көрермен көзайымы, үздік суретші музыкант 8 наминация тағайындалды. )

Наурыздың 27-сі гало концерт ұйымдастырылып үздіктер марапатталады.


Түпнұсқа

» 26 Наурыз, 2010 15:00 каз театр / "МТРК" телеарнасы, Петропавл

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.5583 & 15 Сұрау