Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 408    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар   
30 Наурыз, 2010 10:03 ["МТРК" телеарнасы, Петропавл]

Жаңа қойылым


Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры да үлкен мерекеге қызу дайындалуда. Бұл шаңырақта аз күнде жаңа спектакль жарық көрмек. Алайда, қойылым балаларға емес, ересектерге арналған. Біздің арнаның түсіру тобы тың спектаклдің алғашқы көрермендері атанды.

Облыстық қуыршақ театры да үлкен мерекеге қызу дайындалуда. Бұл шаңырақта аз күнде жаңа спектакль жарық көрмек. Алайда, қойылым балаларға емес, ересектерге арналған. Біздің арнаның түсіру тобы тың спектаклдің алғашқы көрермендері атанды.

Труппа бұрын соңды дәл осындай спектаклді сахнаға шығарып көрмепті. Реквизит бірнеше қойылымнан жиналды. Дегенмен, қолданыстан шыққан бұйымдар да сахнаның бөлінбес бөлшегіне айналып шыға келді.

СНХР: Наталья Гузеева, сахна шебері
/біз спекталь жайында айта бастаған кезде креслоның қажет екені еске түсті. Біздің жертөледе осындай орындық бар екен ғой. Соны алып келдім.

Қойылымды сахналау үшін реквизит қолдан да тігілді. Қызыл телпек киген қызға арналған үлкен костюм бұл ұжымда болмай шықты.

ЛЮФТ /красная шапочка собирает цветочки/

Қызыл телпек киген қыз жайындағы ертегі бәрімізге аян. Алайда, бұл қойылымда оның тек аты қалған сияқты. Мысалға қызыл телпекті қыздың анасы змей горынычқа ғашық. Ал қасқыр мен қызыл телпек арасында кәдімгі достық қарым қатынас орнаған. Әжесі де қасқырдың азығына айналған жоқ. Ал құмар ойынға тәуелді болған қызыл телпек ақыр аяғында тоқаш пен әжесінің үйінен айырылып тынды.

Бұның бәрі өмірден алынған. Дегенмен, қойылымның аяғында жақсылық жеңіске жетті. Бір қызығы қызыл телпектің рөлін қыз бала сомдаған жоқ. Сахна майталманы Андрей Зайцев бұл сыннан сүрінбей өтті. Актер көрермен қауымның көңілінен шығуы үшін қандай да болсын құрбандыққа баруға дайын. Кәсіби мейрам болғанына қарамастан труппа жұмыстан қол үзген жоқ. Қуыршақтарды билеген актер қауымы атаулы күнде өнер сүйер қауымның ортасында болмақ.


Түпнұсқа

» 26 Наурыз, 2010 15:00 кук театр / "МТРК" телеарнасы, Петропавл

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.4834 & 15 Сұрау