|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Көктемгі егіндік жұмыстарға дайындықБүгін облыс диқандары көктемгі-далалық жұмыстар барысын пысықтады. Диқандардың мүшкіл халін ескере отырып, жаздық бидай тұқымының әр тоннасы 28-29 мың теңгеден алынбақ. Ал ірі шаруашылықтардан алынар тұқым тоннасы 22 мың теңгеге бағаланып отыр. Марат Оңғарбеков ТИТР: БҚО ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Құрметті әкімдер, ертерек қамданып, керек астықты алып алыңдар!!!)) Күні бүгін Ақжайық ауданының шаруашылықтарына 50 тонна, Қазталовқа 70 тонна тұқым жетпейді. Бұл аталмыш аудандар мүлдем астықпен қамтылмаған деген сөз... Ал Қаратөбелік диқандар дизель отынын әлі алмаған. Сырым мен Шыңғырлауда да жағдай мәз емес. Бұл екі аудан қажетті жанармайдың тек 30-38 пайызын ғана алыпты. ЖЖМ арзан бағамен ұсынылса да, аудан әкімдері жайбарақаттық танытуда. Марат Оңғарбеков ТИТР: БҚО ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Биыл ЖЖМ әр литрі 58 тг. Сондықтан, тездетіп алып алыңдар!!!)) 253 тонна минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандату үшін ел қоржынынан 7,3 млн.тг бөлініпті. Бірақ, тегінге бергісіз бұл тыңайтқышты Сырым, Тасқала мен Шыңғырлау аудандары әлі алмаған. Аудан әкімдері ертерек қамданбаса диқандар қауымының қамбаны астықпен толтыра алмауы әбден мүмкін. Нұрлан Ноғаев ТИТР: БҚО әкімінің орынбасары Бұл неткен сұмдық, жұмыс қызып жатқан уақытта орнына замын қояды да, әкім демалып жатады. Бұл заңға қайшы болмаса да, шаруа адамға зиян деп санаймын)) Биыл облысымызда жаздық дәнді дақылдар 504 мың гектар алқапқа егіледі. Егілген 70 гектар күздік дақылдарды қосқанда бұл көлем 574 мың гектарға дейін жетпек. Дәнді дақылдар негізінен Зеленов, Теректі, Сырым аудандарында егілсе, оңтүстік аудандарда мал азығы дайындалады. Сонымен қатар, былтырғыдан 1,5 есеге артық егілер майлы дақылдар есебінен Поймадағы күнбағыс майын өндіретін зауытқа қажетті шикізат қоры жасақталмақшы. Последние новости рубрики
13.12 (11:34) Қазақстан пен Литва арасындағы ынтымақтастық
12.12 (12:22) Алматы метросы - жылдың ең үздік жобасы. 08.12 (10:37) Елордада елміздегі ең үздік тауар көрме-байқауы басталды 29.11 (10:36) Қазақта жер көп бірақ халыққа беретін телім жоқ 21.11 (12:11) Самұрық Қазына қоры 2012 жылғы сатып алу науқанын бастады 11.10 (09:26) Биыл ел диқандары 25 млн тоннаға астық жинауды болжап отыр 05.10 (14:07) "Казэнерджи" Еуразиялық форумы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||