Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 344    Танымдылық: Орташа рейтинг : 5.50 Қайдан 2 Дауыстар   
2 Сәуір, 2010 10:11 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

"Ақжайықтың қызғалдақтары"


Бүгін Орал қаласында осындай атаумен жергілікті суретшілердің көлөнер көрмесі өткізілді. Келушілер назарына ұлттық стильдегі туындылар мен табиғат көріністері ұсынылды.

Көрмеден оралған тілшіміздің материалында толығырақ.

Көрмеге ең алғаш кірген сәтте әдемі бақтың ішінде жүргендей сезім қалыптасады. Ашық алуан түсті туындылар әсіресе асыға күткен жаз мезгілін еске түсіргендей. Бұл жерде қойылған туындылар жергілікті қос бірдей суретші Ақтоты Бекқалиева мен Ақмарал Бахитованың ойын өрнектеуші суреттер. Қос бірдей қылқалам шебері қазір жергілікті жоғарғы оқу орындарының бірінде дәріс береді. Ақтоты Бекқалиева бір кездері Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық қолөнер академиясын тәмамдап, монументші мамандығын игерген. Қазіргі таңда оның қорындағы марапат қағаздары жетерлік. Ақтотының жұмысы жүйелі ұлттық стильге негізделген. Әрі оның айтуынша ол ешуақытта да тәжірибе жасаудан бас тартпайды екен.

Ақтоты Бекқалиева
ТИТР: қылқалам шебері
- Мен кішкентай кезімде ата-анама ылғи суретші боламын деуші едім, міне бүгінгі таңда арманым, отбасыма берген уәдем орындалды десем де болады. Мектеп қабырғасында жүрген кезде де маған ата-анам үлкен рух беріп, жұмыстарымды әркез жоғары бағалап отыратын. Қазір мен кез келген материалға тәжірибе жасауға қорықпаймын. Менің өнерге деген құлшынысым биік, әрі талантымды бағалайтын жандар бар. Өзімнің шығармаларымның көбісін ұлттық стильге негіздей отырып жасаймын. ))

Бүгінгі көрме Ақмарал Бахитованың да шығармашылық жұмысының алғашқы ірі жетістігі. Ол өз жұмыстарының әдемі де, әсерлілігін гүлдерге деген сүйіспеншілігімен түсіндіреді. Оның көрмеде қойылған туындыларының барлығы да батик стилінде салынған. Қылқалам шеберінің осы аталған өнерге деген құлшынысы да бала кезден басталыпты. Жастайында түрлі бояумен бастаған ол қазіргі күні одан да бейік деңгейді бағындыра бастапты.

Ақмарал Бахитова
ТИТР: қылқалам шебері
- Мен ең әуелі графикамен айналыса бастадым. Кейін оплекациялық туындыларды жасауға көштім. Одан соң да көркем туындылармен айналысуымды қойған емеспін. Ал батика стиліне көшкеніме 4-5-ақ жыл болды. Өте қызық стиль, маған бірден ұнап, үлкен қызығушылығымды туғызды. ))

Көрме 14-ші сәуірге дейін жалғасады. Сондықтан да туындыларды тамашалауға асыққан қалалықтарға қашан да есік ашық.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4006 & 14 Сұрау