|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Бюджет қаражатының игерілуін қадағалауБірер күнде облысымыз көктемгі егістік-далалық жұмыстарға кіріспек. Бұл үшін мемлекеттен арнайы тұқым қоры беріліп, шаруаларға жанар-жағар май қоры да бөлінуде. Бірақ, бөлінген дизельдік отынды ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпесі үшін не істеу керек? Жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жасалар жұмыстар легі пәрменді болуы шарт. Дәл осы мәселе бүгін "НұрОтан" ХДП БҚОФ партиялық бақылау комиссиясының отырысында кеңінен талқыға түсті. Келесі бейнематериалдан толығырақ біле аласыздар. Назар аударалық... Бүгінгі жиында екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе - ҚР Қаржы министрлігінің құзырындағы жергілікті аумақтық органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру жайы. Арнайы құрылған комиссия мүшелері 2008-жылдың қаңтарынан 2009-жылдың желтоқсан айына дейін ҚР Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық мемелекеттік органдарға тексеріс жүргізген. Тексеріс нәтижесінде осы мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жүргізілген анықталды. Алайда, жекелеген кемшіліктер де жоқ емес. Кедендік бақылау департаментінде де мамандар жиі ауысады. Бұл департаментте құқық бұзу дерегінің саны 10-ға жеткен. Әмірхан Мауқұлов ТИТР: БҚО бойынша КБД директоры - 2008 жылы 26 адам қызмет ауыстырса, 2009 жылы 37 маман департаментпен қош айтысқан. Соның ішінде 11 қызметкер басқа кеден органдарына ауысқан, 15-і өз еріктерімен жұмыстан босаған, 8 адам теріс негізде жұмыстан кеткен, екі үміткер арнайы тексерістен өте алмаған. Бұдан бөлек, жауапты мамандардың ел аумағынан транзиттік көліктерді өткізуге заңсыз көмектескені анықталды. Осылайша, Тасқала кедендік бекетінің 16 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Кеден бекетінің бастығы мен оның орынбасары қызметінен босатылды.)) Ал 2008-жылы салық департаментінің қызметкерлері жемқорлыққа қатысты 1 құқық бұзушылық әрекетке барса, араға бір жыл салып, салық департаментінде жемқорлыққа байланысты үш құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Салық департаментінің өкілдері сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейгенін айтып отыр. Бұған ақпараттық технологияларды енгізу арқылы қол жеткен. Электронды есеп тапсыру барысында салықтөлеушілер мен салықшылардың етене араласуына шектеу қойылған. Кайрат Жалмұхамбетов ТИТР: БҚО бойынша СД бастығы - 2009 жылы тәртіптік комиссиямен 31 отырыс өткізілді. Сондай-ақ Қызметтік тәртіпті сақтауға қатысты 4 жиын болып өтті. Соның нәтижесінде 62 мемлекеттік қызметкер жұмыстарындағы заңсыздықтары үшін жауапкершілікке тартылды.)) Күн тәртібіндегі екінші мәселе - көктемгі далалық жұмыстарды ойдағыдай атқару үшін Үкімет бөлген жанар-жағармайдың талан-таражға түспеуі жайы болды. Бұл іске партиялық бақылау орнату туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Марат Оңғарбековтың хабарламасы тыңдалды. Бүгінде осы іске байланысты әрбір ауданда қоғамдық бақылаушылар бекітіліп отыр. Көктемгі далалық жұмыстарға облысымызға барлығы 12 мың тонна дизельдік отын бөлініпті. Жанармай құны әр литрі 58 тг босатылады. Нұрлан Ноғаев ТИТР: БҚО Әкімінің орынбасары - Біздер бұл іске жауапты адамдарды бекіттік...)) + ((СИНХРОН ХР 00:00:10 СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Марат Оңғарбеков ТИТР: БҚО ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Біздер бұл іске жауапты адамдарды бекіттік...)) Нұротандықтар бюджет қаражатының игерілуі қатаң қадағаланып, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейтінін айтысып, уағдаласты. Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер алынды. Последние новости рубрики
13.12 (11:34) Қазақстан пен Литва арасындағы ынтымақтастық
12.12 (12:22) Алматы метросы - жылдың ең үздік жобасы. 08.12 (10:37) Елордада елміздегі ең үздік тауар көрме-байқауы басталды 29.11 (10:36) Қазақта жер көп бірақ халыққа беретін телім жоқ 21.11 (12:11) Самұрық Қазына қоры 2012 жылғы сатып алу науқанын бастады 11.10 (09:26) Биыл ел диқандары 25 млн тоннаға астық жинауды болжап отыр 05.10 (14:07) "Казэнерджи" Еуразиялық форумы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||