|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді |
|
Қырғызстандағы мемлекеттік төңкерісКейбірінің халі тым ауыр. Ал 9 - 10 сәуір Қырғызстанда қантөгістен қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланды. МӘТІН: Бішкектегі бүліктің жалғасқанына бүгін төртінші тәулік. Ал президентті тақтан тайдырған уақытша Үкімет енді қарақшылармен күреске көшті. Себебі ұры-қарылар базар, дүкен, сондай-ақ, басқа да кәсіпкерлік нысандарын жаппай тонап жатыр. Ішкі Істер министрлігі оларға тойтарыс бере алар емес. Сондықтан полицейлерге оқ атуға рұқсат берілген. ИНТЕРШУМ... МӘТІН: Қазір оппозиция билікті түгел өз қолына алған. Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттегі қантөгіске орай өз өкінішін білдіріп, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде Мәжіліс вице-спикері Жәнібек Кәрібжановты Қырғызстан бойынша арнайы өкілі етіп тағайындағанын мәлімдеді. Бұл туралы мемлекет басшысы «Евроньюс» телеарнасына берген сұхбатында хабарлаған. Сұхбаттың кейбір тұстарын келтіре кетсек: НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІ (((Қырғыз Республикасы - біздің көршіміз. Мен осы оқиғаға үлкен өкінішпен қараймын. Қазір дүкендер қиратылып, өртелуде, банктер жабылып, бизнес қаладан, капитал Қырғызстаннан кетуде. Тұрақтылық жоқ жерде - ештеңе де болмайды. Саясатпен, баррикадалармен айналыспау керек. Ең алдымен халықты тамақтандырып, оған жұмыс беру қажет. Осындай ТӨҢКЕРІСТІҢ салдарынан Қырғызстан халқының жартысынан артығы бүгін кедейшілікте өмір сүруде. Жұмыссыздық деңгейі үлкен. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімді салыстырыңыз: Қырғызстанда - 800 доллар, Қазақстанда - 8000 доллар. )))) МӘТІН: Осылай ,- деп өз ұстанымын ресми түрде білдірген Назарбаев Қырғызстандағы ахуалдың қалыпқа түсеріне сеніммен қарайды. Ал бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанның Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екендігін де мәлімдеді. ИНТЕРШУМ... МӘТІН: Ал Қырғызстандағы жағдай күн өткен сайын шиеленісіп барады. Бүгінде Құрманбек Бәкиевтің інісі ӘРІ президенттің күзет қызметін басқарған Жаныш Бәкиевке іздеу жарияланды. Оған мемлекеттегі қантөгіске тікелей қатысы бар, - деген айып тағылып отыр. Бар билігінен айрылған Бәкиев болса, елдің оңтүстігінде жасырынып отыр. Бірақ, әзір өз еркімен отставкаға кетер емес. Ал көрші мемлекеттегі саяси төңкерісті еліміздің халық қалаулылары да айыптап отыр. СНХ - МҰХТАР АЛТЫНБАЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ (Халыққа қарулы күштер қарсы шықпауы керек. Қару қолданбауы керек. Ол дұрыс емес. Бұл жағдайға сарапшылар өз бағасын беруі керек. Кім-кімді атты неге атты соның бәрін тексеру керек. ) СНХ: ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ((((Қырғыз елі бұдан төменге кетіп қалды. Қазір билікке келіп жатқан оппозиционерлер де жауап беруі керек.Бұл Бәкиев билігінің әлсіздігі.Ал ондай жағдай Қазақстанда болады дегенге мен сенбеймін. Біздің экономикалық жағдайымыз жақсы ғой. ))) Последние новости рубрики
28.11 (10:51) Партиялық тұғырнама
25.11 (10:45) 2005 жылы тағайындалған сенаторлар жылы орнымен қоштасты 24.11 (11:32) 2012 жылы Қазақстан БСҰ мүше болуы мүмкін 25.10 (11:36) Тони Блэр - Қазақстанның экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі 24.10 (11:30) Кубалық өтініш 13.10 (10:57) Қазақстан ядросыз әлем құруды көздейді 10.10 (09:42) Екі ел арасындағы ынтымақтастық |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||