|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді |
|
Экономикалық ынтымақтастықБұл көрсеткіш 2007-жылы небары 1 млн.247 мың долларды құраған болатын. Екі ел арасындағы тауарайналымы жыл сайын өсуде. Былтырғы көрсеткіш 2008-жылғыдан 5 есеге артқан. Екіжақты байланыс оң жолға қойылғалы бері косметика өнімдері, баспа бұйымдары, газ қондырғыларына қажетті құрылғылар мен Чехияда жасалған автокөліктер де көптеп әкеліне бастаған. Дегенмен, құны 10 млн. долларға жеткен тауарайналымының басым бөлігін елімізге Чехиядан әкелінер импорт құрайды. Бақтықожа Ізмұхамбетов ТИТР: БҚО Әкімі - Президенттің тапсырмасына сай, өзге елдермен әріптестікті дамытып жатырмыз. Біздердің бұл байланысымыз жыл сайын кеңейе түспек. )) Бүгінде облысымызда чехтармен бірлескен 8 кәсіпорын жұмыс жасайды. Бұл серіктестіктер негізінен құрылыс пен жүк тасымалы және сауда-саттыққа бейімделген. Қонақтар мұндай әріптестіктің болашақта одан әрі өркендейтініне мүдделілік танытып отыр. Ярослав Палас ТИТР: Чех делегациясының жетекшісі - Екіжақты байланыс нығайту біз үшін аса тиімді. Соңғы жылдары біздің өлке шетелдік инвестициялар мен мемлекеттік қолдау арқасында қайта өркендеді. Ғылыми зерттеу жұмыстары жанданып, жоғары технологиялар дамыды. Острава мен Орал қаласы арасында уағдаластыққа қол жетті. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын таппақ.)) Жиын соңында тараптар Мораво-Силезск өлкесі мен БҚО арасында сауда-экономикалық байланыстар мен ғылыми саладағы уағдаластық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бизнес өкілдерінен жасақталған чех делегациясы биылғы ақпанда да өңірімізге сапармен келген болатын. Бұл жолы олар оралдық әріптестерін өздеріне қонаққа шақырды. Последние новости рубрики
28.11 (10:51) Партиялық тұғырнама
25.11 (10:45) 2005 жылы тағайындалған сенаторлар жылы орнымен қоштасты 24.11 (11:32) 2012 жылы Қазақстан БСҰ мүше болуы мүмкін 25.10 (11:36) Тони Блэр - Қазақстанның экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі 24.10 (11:30) Кубалық өтініш 13.10 (10:57) Қазақстан ядросыз әлем құруды көздейді 10.10 (09:42) Екі ел арасындағы ынтымақтастық |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||