Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 776    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.40 Қайдан 5 Дауыстар   
15 Сәуір, 2010 10:28 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Жаңа аллея


Алдағы бірер жылда Орал қаласының шеткі аумағында әдемі аллея пайда болмақ. Қазір әуежай мен қала шетіндегі Подстепный елді мекені аралығына жас көшеттер отырғызылуда. Бүгінде 200 түп егілген. Қазір жас өскіндерді сұғанақтардан қорғау үшін қоршау орнатылып жатыр.

Орманшылар бұл көшеттердің болашақта әдемі аллеяға айналарына сенеді. Әуежай мен Подстепный кентінің арасын жалғайтын ағаштар бүгінде түгелдей дерлік отырғызылып біте келді.

Зейнолла Үсенов
ТИТР: "Орман күзеті" ММ директоры
- 174 түп көшет отырғыздық, оларды өз күшімізбен ектік. Болашақта Ақсайға барар жолдың жанына егеміз, әзірге Подстепный мен әуежайдың арасына отырғыздық.))

Жол жағалай жайқалып тұрған тал-теректердің түгелге жуығы отыннан тарыққан ауыл тұрғындарының нәпақасына айналған. Ал балта мен ара тимей аман қалған ағаштардың отырғызылғанына 40-50 жыл өтіпті. Ұзақ жасап, қураған теректердің орнына жас көшеттер баспақ.

Александр Куцуруба
ТИТР: Орманшы
- Бұл көшеттердің барлығын да технология бойынша отырғыздық. Басында уақытылы суарып тұрамыз, кейін бұл аумақты жерсініп, өсіп кетсе, қосымша тағы да егеміз, әзірге, тәжірибе түрінде ғана байқап көрмек ниеттеміз.))

Әуежай мен Подстепный кентінің арасы бірнеше шақырымды құрайды, ауылдықтар осы жерге малын жаяды, көкке ерні енді ғана тиген түлік бұл жерге жетсе, жас көшеттердің түгі қалмайтыны анық. Сондықтан, ағаш отырғызылған алқап жаппай қоршауға алынуда. Қоршау орнатуға белсене кіріскен орманшыларға біз де қолғабыс еттік.

Қарағай жыл сайын 5 см өседі екен. Адам бойынан асар биік болуы үшін кемінде 20 жылдай уақыт өтуі керек. Бірақ, орманшылар отырғызылған көшеттер бұл жердің топырақты жерсінсе, жас өскіндердің тез арада таралып өсетінін айтады. Ал бір түп көшеттің құны 3-5 мың теңге аралығында екен.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.503 & 14 Сұрау