Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 363    Танымдылық: Орташа рейтинг : 4.00 Қайдан 1 Дауыстар   
15 Сәуір, 2010 10:40 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Патриоттық сабақ


9-мамыр мерекесіне санаулы күндер қалды. Осы мерекеге орай, оралдағы соғыс және тыл ардагерлерінің тізімі нақтылануда. Қарт жауынгерлерге жеңіс мерекесіне орай, алар мемлекеттік сыйақылары саналды. Мереке жақындай түскен сайын ардагерлердің қарапайым халыққа айтары молая түседі.

Сұм соғыстың сын сағаттарын бастан өткерген ардагерлердің бірі Николай Иосипович Котельников. Түсірілім тобымыз ардагермен жүздесіп, ұлы жеңіс мерекесі қарсаңындағы тілегін тыңдап қайтқан еді.

ҰОС ерлікпен шайқасқан қайсар жауынгерлердің бірі -Николай Котельников. Ол өз өмірінде, Сталинград, Прохоров, Мәскеу қаласының түрлі аудандарында жаумен арпалысып, 1941 жылы ауыр дене жарақатын алады. Әйтсе де кейін оңалып, өз майдандастарының жанына қайта оралады. Күні бүгін ардагер өзінің бойындағы қайсарлығын жоғалтпай, құрметті демалысына шықса дағы, аймақтың қоғамдық өміріне белсене араласу үстінде. Өйткені ол, осыдан бірнеше жыл бұрын парламент депутаты Ш.Өтемісов пен облыстық білім беру басқармасының бастамасымен оқушыларға партиоттық пәннен дәріс бере бастады.

Николай Котельников- ҰОС ардагері
-Мен соғыс басталған жылы 17-ақ жаста болатынмын. Бірақ біз сыныптағы барша балалар майданға өзіміз сұранып шыққан едік, Қазір менімен бірге соғыста шайқасқан майдандастарымыз еліміздің түпкір-түпкірінде өмір сүріп жатыр. Олармен әлі күнге шейін хат-хабар арқылы аман-саулығымызды білісіп тұрамыз. Бұдан бөлек барып қайтқан кездерім де аз болмады. Қазір мен жалпы білім беретін орта мектептерде патриоттық сынып сағаттарын өткізіп жүрмін. Өйткені әр бала еліміздің тыныштығының қандай күшпен келгендігін білуі әрі тиіс.))

Қазіргі күні ардагер қаламыздағы алуан түрлі шараларға жиі шақыру алып тұратынын айтады. Күні бүгін ол өзінің мемлекет тарапынан ұмыт қалмай келе жатқанына қуанышты.

Николай Котельников- ҰОС ардагері
- Мен өз тарапымнан мемлекетіміздің президентіне, қала мен облыс басшылықтарына үлкен ризашылығымды білдіремін. Өйткені олар жылдар өткен сайын ардагерлердің жағдайын жақсартып, үлкен жеңілдіктер жасай бастады. Әрине жеңіс бізге оңай берілген жоқ. Әрқайсысымыз қасық қанымыз қалғанша, елімізді жаудан қорғап қалуға тырысып бақтық. Енді сол бейбіт өмірдің тыныштығын өскелең жас ұрпақ жалғастыруы қажет.))

Күні бүгін Николай Иосифұлы қаламыздағы 4-6 шағынаудандардың ҰОС ардагерлер қауымын басқарады. Сондай-ақ ішкі істер органы мен аймақтың спорттық өмірінде үлкен құрметке ие. Өзінің егде жасына қарамастан ардагердің бойында күш-жігері жетерлік.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4319 & 14 Сұрау