Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 456    Танымдылық: Орташа рейтинг : 6.00 Қайдан 1 Дауыстар   
19 Сәуір, 2010 11:23 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Қырғызстан президенті отставкаға кетті


Қазақстан тағынан айрылған Қырғызстанның бұрынғы президентін екіге бөлінген елінен шығарып алу арқылы үлкен азаматтық соғыстың алдын алды. Оның үстіне ресми Ақорда ОБСЕ-нің төрағасы ретінде көрші мемлекеттегі ахуалды тұрақтандырып, шиеленіскен саяси жағдайды реттеуге міндетті болатын.

Бұл туралы бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Ал Ресей мен АҚШ басшыларының қолдауымен кеше түнде Құрманбек Бәкиев туған жерін тастай қашып, біздің елімізден пана тапты.

СТЭНДАП: Құрманбек Бәкиевті Джалалабад облысынан отбасымен алып шығу үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігінің арнайы әскери ұшағы жіберілген. Бірақ , бұл оңай операция болған жоқ. Өйткені, Уақытша Үкімет бұрынғы басшыларын оңайлықпен бермейтіндіктерін айтып қиғылық салған. Әйтеуір ұзақ жүргізілген келісімдердің арқасында, кеше түнде Бәкиев мінген ұшақ Тараз қаласына келіп қонды.
МӘТІН: Таразға аман - есен жеткен бойда Бәкиев өз еркімен отставкаға кететіндігі жөнінде Қырғызстанға факс арқылы мәлімдеме жіберген. Бірақ, бұл ақпарат бүгіндікке сан мәрте құбылды. Алайда, кейін бұл мәлімет ресми түрде расталды. Ал бүгін ұзақ үнсіздіктен кейін Қырғызстандағы ахуалға байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы мәлімдеме жасады.

СНХ: НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

((( Қырғызстандағы жағдайды бәрі бақылып отыр. Ынтымағы жоқ жерден ырыс кетеді,-дейді қазақ. Бішкекте қаншама кінәсі жоқ жігіттер қаза тапты. Қайғырып көңіл айтамыз. Ондағы жағдай ушықты. Азаматтық соғыс бола жаздады. Кісі өлімін болдырмау үшін Бакиевті онан Қазақстанның ұшағымен алып шықтық )))

СТЭНДАП: Ал Джалалабад облысынан Бәкиевті және оның отбасын Таразға аман - есен жеткізген ұшқыштар мемлекеттік наградаларға ұсынылатын болды. Өйткені, экипаж мүшелері басын қауіп-қатерге тіксе де, өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықты,- деді бүгін президент. Сондай-ақ, Назарбаев Уақытша Үкімет басшыларын елдегі ушыққан жағдайды тыныштандарып, тәртіп орнатып экономиканы көтерумен айналысуға шақырды.
СНХ: НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
(((Жағдайлары қиын. Экономика құлдырады.Қылмыстық топтар ойларына келгенін істеуде. Біз қырғыз халқына тек жақсылық тілейміз. Енді Уақытша Үкімет нақты жұмыстармен айналысуы тиіс деп ойлаймын. Барлық ел Қырғызстанға көмек беруге береді. Біз де қалыс қалмаймыз.)))

МӘТІН: Ал Қазақстан экономикалық халі мүшкіл бауырлас мемлекетке гуманитарлық көмек беруге дайын. Алдымен жанар-жағар май және тұқыммен көмектеспек. Себебі Қырғызстанда егін науқанын бастауға қаржы жоқ, ал тұқым себілмесе елде ашаршылық орнауы мүмкін.
СТЭНДАП: Қазіргі таңда Бакиев Қазақстан аумағында ма әлде басқа мемлекетке кетіп үлгерді,- бұл жағы барынша құпия ұсталып отыр. АЛ саяси сарапшылар Бакиевтің Қырғызстаннан кетуі,елдегі ахуалды тұрақтандыратын шығар деген үміт артып отыр.
_______


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4207 & 14 Сұрау