Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 421    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.50 Қайдан 2 Дауыстар   
22 Сәуір, 2010 15:56 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

"Ер жүрек Мәншүк" патриоттық-әндер байқауы


Бүгін Орал қаласында "Ер жүрек Мәншүк" атты аймақтық 1-ші патриоттық әндер байқауы басталды. Естеріңізге сала кетейік, Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында қолға алынып, 2 күнге жалғаспай өнер додасы аймақтық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізіліп отыр.

Оған Ақтөбе, Атырау сондай-ақ Орал қаласынан 16-22 жас аралығындағы 36 өнерпаз бақ сынауда. Қазылар алқасының қойып отырған басты талабы- майдан тақырыбындағы әндерді шеберлікпен орындап, әрбір көрерменнің жүрегіне жеткізе білу болып отыр. Аймақтық әндер байқауына түсірілім тобымыз да қатысып қайтқан еді. Назар аударайық..


"Ер жүрек Мәншүк" патриоттық-әндер байқауы биыл бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған тіпті облыстық бюджеттен қомақты қаражат та қарастырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат- талантты жастарға қолдау көрсетіп, үздіктерін анықтау, сол арқылы өскелең ұрпақтың бойындағы отансүйгіштік патриоттық сезімді қалыптастыру. Байқау басталмай тұрып, бас қосқан қазылар алқасының мүшелері әуелі қатысушы өнерпаздарды сайыс кезеңдерімен таныстырды, кейін әрқайсысының көкейіндегі сауалдарға жеке-дара жауап беріп, жалынды өнерпаздарға сәттілік тіледі. 15 минутқа созылған конференция соңы, әдемі сахна төріндегі байқауға ұласты. Ең әуелі Ұлы жеңіс мерекесін жақындатқан 10-ға жуық ардагерге құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.
((Ғұмар Сәрсенғалиев- ҰОС ардагері.
Мен соғыс уақытында Ленинград түбінде шайқастым. Кейін жаралы болып, госпитальда емделіп шықтым. Одан соң біздерді Польшаға аттандырып жіберді, ол жерде бірталай жаумен арпалысып, поляктардың киімін киюге тура келді. Соғыс аяқталғаннан соң, отанымызға оралып, мұғалімдік қызмет атқардым. Міне бүгін мені осындай меремет кешке шақырып отыр. Қуаныштымын.))
2 кезеңнен тұратын байқаудың алғашқысында өнерпаздар ҰОС тақырыбындағы әндерді орындаса, кейін екінші кезеңде еркін тақырыпта патриоттық әуендерді жанды дауыспен шырқады. Өтініш түсірген өнерлі жастардың дені 16-22 жас аралығындағы мектеп пен оқу орны студенттері болды. Солардың бірі- 20 жастағы Еркебұлан. Сонау Ақтөбе облысынан ат артып келген жасөспірімнің жеңіске деген құлшынысы жаман емес.
((Еркебұлан Ермек- "Ер жүрек Мәншүк" патриоттық әндер байқауынына қатысушы.
Мен Ақтөбе облысындағы аудандардың бірінен келіп отырмын. Бұған дейін де мен өз қаламда патриоттық әндерді орындаудан көзге түсіп, жүлделі 3-ші орынды иеленген болатынмын. Бүгін де жеңу үшін келіп отырмын.))
Музыка кафедрасы мамандарының пікірінше, бұндай байқаулар болашағынан үміт күттірер жастар үшін жақсы мүмкіндік, сондықтан да оны жиі ұйымдастырып отыру қажет. Өйткені туған жерге деген махаббат сезімі әрбір азаматта болатын қасиет, алайда патриоттық сана санаулысында ғана. Конкурстың нәтижесі ертең қорытындыланатын болады. Оның жеңімпаздары түрлі тұрмыстық техникалармен, әрі арнайы дипломдармен марапатталмақ.

Гүлназ Кабдоллина, Олег Писаренко, Евгений Старцев ТДК-42 телеарнасы


Түпнұсқа

» 21 Сәуір, 2010 18:37 СБайқау / "ТДК-42" телеарнасы, Орал

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.6852 & 15 Сұрау