Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 296    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
26 Сәуір, 2010 10:47 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

"Жұлдыз-ай" шығармашылық фестивалі


Батыс Қазақстан облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат қабырғасында "Жұлдыз-ай" шығармашылық фестивалі оздырылды. Онда мүмкіндігі шектеулі жеткіншектер өз қолөнер туындыларын көрсетіп, ішкі жан-дүниелерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Толық ақпарат келесі бейнематериалымызда..

.

Бұндағы балалардың мүмкіндіктері шектеулі болғанымен, олардың әрқайсысының ішкі жан дүниелері өте бай. Барлығы да мектепте жүріп, өз шығармашылықтарын шыңдаумен айналысады. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған көрме де соның бір айғағы іспеттес. Көрмеде қойылған туындылар әр алуан, бірі ағаштан, бірі ұсақ моншақтардан жасалса, ал енді бірі қылқаламмен салынған суреттер. Сан түрлі материалдан салынса да туындылардың тақырыбы бір- ҰОС мен Жеңістің 65-жылдығы.
((мектеп оқушысы
- Маған бисермен тоқыған өте ұнайды. Бұл өнерді мен бұрыннан жақсы көрем. Қолым босаған сайын бір нәрсе жасағым келеді де тұрады. Бүгінгі көрмеге мен өз суретімді ұзақ әзірледім. Қазылар алқасының көңілінен шығады деп ойлаймын.))
Бүгінгі фестиваль сонымен қатар, арнайы мектеп-интернат оқушылары үшін кезекті сын тәрізді. Олардың әрқайсысы өздерін 5 түрлі номинация бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгідей шаралар қамкөңіл оқушылар үшін өте қажет.
((Гүлжан Жамешова, фестивальді ұйымдастырушы:
Әрине сахнаға шығарда әр бала өзін көрсетуге тырысады. Ол олардың әрқайсысы үшін үлкен бір сын тәрізді. Бұндағы кей оқушылар дұрыстап қозғала да алмайды, алайда қорықпай шыққандарының өзі оларға жоғары баға беруге итермелейді.))
Әрине қолөнер саласының қай-қайсысына болмасын, шектеу қою мүмкін емес. Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі қамкөңіл балғындардың бірқатары қарапайым қатардағы оқушылардан артық өнер көрсете білді. Сондықтан да олардың әрқайсысы тиісті орындарға ие болды.

Гүлназ, Олег, Женя ТДК-42 телеарнасы


Түпнұсқа

» 23 Сәуір, 2010 08:33 СЖұлдыз-ай / "ТДК-42" телеарнасы, Орал

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.4782 & 15 Сұрау