|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді |
|
Би кешіӘсерлі би кешінің көрермені болып қайтқан тілшіміздің репортажында толығырақ... ((Интершум..........балет билеп жатыр...)) Концерт Жамбыл Жабаевтың атақты «Ленинградтық өренім» атты толғауы бойынша қойылған балетпен басталды. Болат Аюхановтың айтуынша, соғыс жылдарының балалары болғандықтан, ел басына туған қиындықты жастайынан сезініп өскен. Ленинград қоршауында болған адамдармен де тілдескен балет шебері Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай аталмыш қойылымды сахнаға шығарып отырғандығын айтады. ((Болат Аюханов- ҚР халық әртісі, Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты Бүгінгі кешке алып келіп отырғанымыздың барлығын да жаңа туындылар. Біздер ескі бағдарламаларды біржола ұмытып қалудан аулақпыз, керісінше, күннен күнге оларды жаңғыртып, жаңа әрі жас шеберлерді дайындаймыз. Алайда бүгін біз бағытымызды сәл ғана бұрдық деп те айтуға болады. Өйткені ұлы жеңістің 65 жылдығына орай Жамбылдың "Ленинградтық өренім" атты шығармасын жаңа қырынан көрсетуге тырысып отырмыз. Блокада қоршауынан босаған Ленинградты аман алып қалған жауынгерлер сезімін өнердің осы бір түрінен көрсетпек болдық. )) Концертте сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаттары Мәди Қасымов, Әмина Ақылбекова, ҚР еңбек сіңірген әртістері Ринат Мусин, Марат Оралбековтер өз өнерлерін ортаға салды. Әсерлі кешті тамашалауға жиналғандардың арасында облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері де болды. Айта кету керек, құны 1 мың теңгеден астам билетті оларға ішкі істер департаменті мамандары сыйға тартқан екен. ((Ақтоты Тілепбергенова- БҚО балалар үйі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет, әсіресе балалардың атынан зор алғысымызды білдіргіміз келіп отыр. Бұл біздің тәрбиеленушілеріміз үшін өте маңызды шара болып есептеледі, өйткені олардың арасында да өнерлі жастар бар. Әрі біз оларды алуан түрлі бағдарламалардан қалыс қалдырмауға тырысамыз.)) Шекспирдің «Ромео-Джульеттасымен» аяқталған концерт оралдық көрермендердің көңілінен шыққандығы шын байқалды. Өйткені залдан естілген сансыз шапалақ, әдемі би кешінің барынша сәтті өткендігінен хабар бергендей. ҚР мемлекеттік академиялық би театры алдағы уақытта да бүгінгідей бағдарламаларды еліміздің өзге де аймақтарында қоюды жоспарлап отыр. Гүлназ Кабдоллина, Манарбек Кушалиев, Александр Грабарев ТДК-42 телеарнасы
Последние новости рубрики
05.01 (11:56) Жаңа жыл
12.01 (12:25) Президенттік стипендия 22.12 (11:45) Өнерге әркімнің де бар таласы 06.12 (14:51) Жастармен жұмыс істеудегі ең үздік мемлекеттік орган 06.12 (14:18) Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл 25.11 (10:34) "Мұхтар Әуезовтың ата-тегі" атты ғылыми шежіре жарық көрді 22.11 (11:17) Қарттар байқауы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||