Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 482    Танымдылық: Орташа рейтинг : 4.00 Қайдан 2 Дауыстар   
29 Сәуір, 2010 15:35 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Мәншүк мұражайында


Жеңістың 65-жылдығына орай Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың мұражайында "Фронтавичко" әскери әйелдер клубының мүшелерімен кездесу болып өтті.

Мерекелік шарада бір топ студент жастар мен мұражай ұжымы ардагер аналарының әңгімелерін тыңдап, сұрапыл соғыстың естеліктерін естуден жалықпады. Негізінен фронтавичка клубы осыдан бірнеше жыл бұрын құрылған болатын. Оның құрамындағы ардагер-аналарымыздың дені майдан даласында еңбек етіп, жерімізді жеңіске жақындатуда жандарын аямаған абзал жандар. Осындай ерлік үстері үшін күні бүгін оларды өскелең жас ұрпақ үлгі тұтып, құрметпен қарсы алады. Биылғы жеңістің салтанатты 65-жылдығы клуб мүшелерінің айтуынша, өмір бойы естен кетпес ерек дата. Әрине осындай мерейтой қарсаңында мұражай ұжымы "Фронтавичка" әскери-әйелдер клубын естелік сыйлықтарсыз қалдырмады. Бүгін олардың әрқйсысына арнайы дайындалған медальдар табысталды.
((интершум медальдар табыстап жатыр....))
Қазақтың ержүрек батыр қызы Мәншүк Мәметова мұражайында Фронтавичка клубының мүшелерімен жастардың кездесулері жыл сайын үрдісті ұйымдасытырылып отырады. Өйткені бұл жерде клуб мүшелерінің соғыс жөніндегі әңгімелерінен бөлек, майдан даласында жаумен арпалысқан қайсар жауынгерлердің заттарын көптеп кездестіруге болады. Мұражай директоры Светлана Саржанованың айтуынша, жастар үшін майдан заттарын көре отырып, соғыс жөніндегі әңгімелерді құлаққа құю әлдеқайда тиімді. Өйткені іс жүзінде болған оқиғаны есту мен бейнелі түрде көру екі түрлі мәселе.
((Светлана Саржанова- М.Мәметова мұражайының дирекоры:
Біздер бүгінгідей шараларды жылына бірнеше рет өткізіп отырамыз. Әсіресе 9 мамыр жақындаған сайын біздің мұражайға алуан түрлі оқу орындарының студенттері ағыла бастайды. Ал биыл жыл ерекше болмақ. Өйткені ұлы жеңіс мерекесінің 65-жылдығы жастарымыздың есінде ерекше қалатындай шаралар легімен толықтырылуы тиіс. Фронтавичка клубына келер болсақ, олармен біз бұрыннан біріге жұмыстанып келе жатырмыз. Қазір олардың қатарындағы ардагер-аналарымыздың саны азайып бара жатыр. Сондықтан да жыл сайын студенттер оларды құрметпен қарсы алып, түрлі сыйлықтарын тарту етеді. Бүгінгі кеште мұражай ұжымы клуб мүшелеріне елбасының тапсырмасымен жасалған мерекелік медальдарды табыстамақ. Жыл соңына дейін әсерлі кештер жалғаса береді деп жоспарлап отырмыз.))
Мұрағат материалдарына сүйенсек, батыс жерінен майдан даласына аттанған әйел адамдардың саны 500-ден астам. Солардың бірінің есімі 1982 жылы мемориалді мұражайға берілді. Бүгінде батыр Мәншүктің есімімен көше ғана емес, тұтас бір алаң аталып отыр. Ал 1989 жылы шығыстың қос жұлдызының мұражайы жанынан "Фронтавичка" әскери-әйелдер клубы ашылды. Бастапқысында оның құрамында 70-ке жуық ардагер болса, бүгінгі күні олардың 10-ы ғана қалып отыр. Құрамындағы құрметті жандардың аз болуына қарамастан клуб мүшелері еліміздің әлеуметтік тыныс-тіршілігінде өз үлестерін қосып келеді. Мәселен бүгінгідей шаралар жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеп, олардың санасына бейбіт өмірдің мәнін ұқтыру үшін өте маңызды.
((В КАДРЕ: Гүлнара Базарбаева: М.Маметова атындағы мұржайдың кіші ғылыми қызметкер: ))
Кездесу барысында Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық коледж студенттері соғыс жылдары жазылған жырларды оқып, ардагер әжелердің алдында майдан әндерін орындады.
((В КАДРЕ: Студент: Ақманар Қанатқалиева: өлең оқиды тебіреніп...))
Бұған дейінгі кездесулерде мұражай ұжымы студент жастарға 2-ші дүниежүзілік соғыс сәттері бейнеленген шағын бейнероликтерді көрсеткен еді. Ерлігімен қан кешкен ардагерлердің ерен еңбегі ұрпақ жадынан ұмыт қалмақ емес. Бүгінгі өткен шара бұл сөзіміздің анық дәлелі екендігі сөзсіз.


Түпнұсқа

» 28 Сәуір, 2010 08:53 Соғыс передача-Гүлназ / "ТДК-42" телеарнасы, Орал

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.5284 & 15 Сұрау