Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 291    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар   
14 Мам., 2010 11:59 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Екі ел арасындағы мәдени байланыс


Бүгін Батыс Қазақстан халқы кіші ассамблеясының өкілдері Әзірбайжанның Қазақстандағы бас консулы Рашад Эйнаддин оглы Маммадовпен кездесті. Өңірімізге келген құрметті мейман екі ел арасындағы мәдени байланыстардың даму барысымен танысты.

Назар аударалық.

Арасын Каспий жалғаған екі елдің мүддесі де ортақ деуге болады. Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан Каспий жағалауы елдеріне Ақтау қаласында консулдық ашу туралы ұсынысын жолдаған еді. Олардың ішінде Түркия, БАӘ, Иран Ислам республикасы да бар болатын.

Рашад Маммадов
ТИТР: Әзірбайжанның Қазақстандағы бас консулы
Әзірбайжан осы ұсынысты қабыл алды. Іле-шала Қазақстанда консулдық та ашылды. Бұған қоса, сіздердің бас қалалаларыңыз Астанада елшілігіміз де жұмыс жасай бастады.))

Қазір Қазақстандық студенттер мен оқытушыларды әзірбайжандық оқу орындарында бір айлық тәжірибе жинақтау курсына шақыру ұйымдастырылуда. Бұл жобаға Баку мемлекеттік университеті, Баку славян университеті мен мемлекеттік тілдер университеті де ат салысып жатыр. Бұған дейін әзірбайжан консулы БҚАТУ-да болып, оқу орны басшылығымен бірқатар келісімдерге қол жеткізіпті. Осы келісімге сай студенттер мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасу жүргізілмек. Әрине, әзірбайжан ұлттық-ағарту қоғамының жұмысы да назардан тыс қалмады.

Велихан Мамедалиев
ТИТР: "Бірлік" Әзірбайжан ұлттық-ағарту қоғамының төрағасы
Біздің мақсатымыз - өзара кездесіп, түйткілді мәселелерді ортаға салу. Көздегеніміз - тек татулық пен бейбітшілік...))
Күні бүгін Қазақстанда 300 мыңнан астам әзірбайжандар тұрады. Ал консул өз сөзінде оларға құқықтық жағынан көмек беруге дайын екендіктерін жеткізді.


Түпнұсқа

» 13 Мам., 2010 08:56 С/Әзірбайжандар / "ТДК-42" телеарнасы, Орал

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.5187 & 15 Сұрау