|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді |
|
«Бизнестің жол картасы -2020»Ал бағдарламаны жүзеге асыруға міндеттелген мекемелер бүгін өзара келісімге келіп,оны құжат жүзінде бекітіп алды. Онда әр тараптың атқаратын қызметі айқындалып, құқықтары да нақты көрсетілген. Банк басшылары, кәсіпкерлер қауымдастығы, облыс әкімдіктері мен экономикалық даму және сауда министрлігі өзара келісімшарттарға қол қойды. Осыған сай әр тарап өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауы тиіс. Ал ендігі басты мәселе - бюджет бөлген 30 млд теңгенің бірде-бір тиынынан шашау шығармай, тиімді игеру ғана қалып тұр. Бексұлтан Құрманқұлов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі: Жаңа бизнес бастамаларға қолдау көрсетіледі. Кәсіпорындардың кредиттеріне қолдау көрсетіледі. Және экспортқа өнім шығаруға көмек береміз... Бизнесмендермен қоян-қолтық жұмыс істеуге екінші деңгейлі банктер әзір. Басшылар ешқандай қағазбастылық пен әкімшілік кедергілерге жол берілмейді,-деп уәде етіп отыр. Оның үстіне несиенің пайыздық мөлшерлемесі де, тым жоғары емес. Әбіләкім Жұмахметов «БТА -БАНКІ» басқарма төрағасының орынбасары: Өзіңіз қараңызшы, егер сіз кәсіпкер болсаңыз, несие аласыз. 12 пайызбен алдыңыз делік, оның 5 пайызын Үкімет төлейтін болса, ақшаңыз қалтаңызда қалмай ма? Ал үнемделген қаржыға басқа бір бизнес ашуыңызға болады. Үлкен мүмкіндіктер жасалып отыр... «Бизнестің Жол картасы» экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, жаңадан жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді. Ал мұндай ауқымды жоба ТМД кеңістігін айтпағанда, Еуропа елдерінің бірде-бірінде жоқ екен. Мұндай мәліметтің қайдан алынғанын кім білсін әйтеуір осылай,- деп бүгін көңілі бір марқайған Мәсімов кәсіпкерлерге үлкен жауапкершілік артты. Кәрім Мәсімов ҚР премьер – министрі: 7 %, ниже, наверное, ни в одной стране мира на сегодняшний день нет, я даже не уверен что в Европейском союзе есть такие ставки. Все условия созданы. Теперь все в руках бизнеса... Әр тиынның жұмсалуына дейін есептеп отырған Үкіметтің де ештеңден ұтылғысы жоқ. Өйткені, бөлінген қыруар қаржының қалайда қайтарымы болуы керек. Ал ұзақ талқыланып, әбден сүзгіден өткен «Бизнестің Жол картасы» бағдарламасының қаншалықты нәтижелі болары - алдағы уақыттың еншісінде. Последние новости рубрики
13.12 (11:34) Қазақстан пен Литва арасындағы ынтымақтастық
12.12 (12:22) Алматы метросы - жылдың ең үздік жобасы. 08.12 (10:37) Елордада елміздегі ең үздік тауар көрме-байқауы басталды 29.11 (10:36) Қазақта жер көп бірақ халыққа беретін телім жоқ 21.11 (12:11) Самұрық Қазына қоры 2012 жылғы сатып алу науқанын бастады 11.10 (09:26) Биыл ел диқандары 25 млн тоннаға астық жинауды болжап отыр 05.10 (14:07) "Казэнерджи" Еуразиялық форумы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||