Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 351    Танымдылық: Орташа рейтинг : 5.00 Қайдан 1 Дауыстар   
18 Мам., 2010 15:30 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Индустриялануға икемдіміз бе?


Биыл төрт жылға жоспарланған индустриалды - инновациялық бағдарлама аясында 144 жоба іске қосылады. Алдын-ала есеп бойынша осы бағдарламаны жүзеге асырудан экономикаға келетін пайда бес жылда 7 трлн. теңгеден асуы тиіс. Бірақ, үлкен ауқымды жобаны тығырыққа тіреп тұрған проблемалар да жоқ емес.

Оның ең бастысы маман тапшылығы. Сондықтан Үкімет технология саласына кадр даярлайтын еліміздегі кәсіптік техникалық лицейлердің жұмысын қайта сүзгіден өткізбекші. Бұл жайында Парламенттегі Үкімет сағатында индустрия және жаңа технологиялар министрі мәлімдеді.
Халық қалаулылары индустрияландыру бағдарламасын мүлтіксіз орындаймын,-деп Елбасыға серт берген Әсет Исекешовты сұрақтың астына алды. Бірақ, сөзден сүрінбейтін жас министр тосылып қалмады. Қолға алған ауқымды ісін ұршықша иіріп әкете алғандығын көрсетуге тырысып бақты.
Осылайша, орысшаға судай министр, қазақшаға келгенде кібіртіктеп қалды. Ал әлі пісіп-жетілмеген жобаға Мәжілісмендердің күдігі көп. Өйткені, қазір елімізде экономикалық жағынан тиімді деген кәсіпорындардың жұмысы тұралап, өнімі өтпей жатыр. Ертең индустрияландыру бағдарламасы аясында асығыстықпен ашылған өндіріс орындары да солардың кебін киюі әбден мүмкін. Ал бұған Әсет Исекешов жол бермейтіндіктерін қадап айтты.
Биыл республика бойынша 144 кәсіпорын іске қосылуы тиіс. Оған республикалық бюджеттен 800 млд теңге бөлініп қойды. Алайда, депутаттар бүгін кадр мәселесін де көтерді. Себебі өндіріс орындары іске қосылғанымен кейін тәжірбиелі мамандар жетіспеуі мүмкін. Мұндай проблеманың барын мойындаған министр бұл олқылықтың да орнын толтыруға уәде етті.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4169 & 14 Сұрау