Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 380    Танымдылық: Орташа рейтинг : 4.33 Қайдан 3 Дауыстар   
19 Мам., 2010 10:38 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Халықаралық мұражайлар күні


Бүгін - бүкілэлемдік мұражайлар күні. Бұл атаулы күн бүгінде барша әлемде атаулы күн мәртебесіне ие болды. Соған сәйкес, биыл да қаламыздағы мұражайлар кәсіби мерекелерін ескерусіз қалдырмады. Экология мұражайында таңертеңгі сағат 10-нан бастап, жануарлар әлеміне саяхат жасалса, ал тарихи өлкетану мұражайы қалалықтарға ақысыз ашық есік күнін ұйымдастырды.

Бүгінде облысымызда 17 мұражай бар. Олардың 15-і - мемлекеттік болса, екеуі жеке. Жыл сайын олардың қорын жаңартып, жұмысын жандандыру үшін бюджеттен 50 млн. теңгедей қаржы бөлінеді екен. Мемлекеттік орталықтың бірі -табиғат және экология мұражайы, ол қаламызда сонау кеңес заманынан бері қарай қызмет атқарып келеді. Қазіргі күні оның қорында аң-құстардың неше түрі табылады. Қызыл кітапқа енгізілген сирек аңдардың көшірме мүсіні орталыққа келушілердің санына елеулі әсер етеді, дейді мұражай қызметкерлері.
Рабиға
ғылыми-қызметкер:
Біздің мұражай алғашында шағын филиал болды, кейін 2007 жылы өз алдына бөлініп шығып, қазіргі күні жеке дара жұмыстанудамыз. Қазір бұнда келушілер едәуір көбее бастады. Ал қорымызды Алматыдан әкелінетін экспонаттармен толықтырып отырамыз.
Танымдық тағылымы мол мұражайға келушілер қатар бүгін әдеттегіден көп. Бұл күні экология мұражайының басты қонақтары "Шолпан" мектепке дейінгі балабақшасының балғындары болды, олар мұражай күніне арнап, "динозаврлар әлеміне саяхат" тақырыбында әдемі көріністерін қойып, мұражай ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Бүкілэлемдік мұражай күні қазір еуропа елдерінде жаппай тойлана бастады. Әрі әдеттегіше бұл күні қандай да болмасын, мұражай тәулік бойы жұмыс жасауды дәстүрге айналдырған. Мәселен, бүгін облыстық тарихи-өлкетану орталығы түнгі сағат 2-ге дейін үздіксіз қызмет атқармақшы. Ашық есік күні шеңберінде ұйымдастырылып отырған аталмыш мүмкіндікті қала жастарының көбісі қалыс жіберіп алмауға тырысып жатқандарын жеткізді.
Ақтоты:
БҚАТУ студенті:
Мен өте қуаныштымын. Бүгін ашық есік күні ұйымдастырылып, жастарға үлекен мүмкіндік жасалып жатыр екен, соған құрбым екеуміз белсенділік танытып жатырған жайымыз бар.
Осылайша бүгін туған өлкесінің тарихын тереңірек білемін деушілерге мұражай тегін қызмет көрсетпек. Сондықтан да жылына бір келетін дәстүрлі мүмкіндікті жіберіп алмағаныңыз жөн.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4298 & 14 Сұрау