|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Оңтайлы одақЕуроодақ отандастарымыз үшін оңтайлы болмақ. Отандастарымыздың Еуропалық Одақ мемлекеттерінде еш кедергісіз жүріп-тұруына мүмкіндік бар. Қазіргі таңда визаны алу тәртібін жеңілдету үшін еліміздің Сыртқы Істер министрлігі әріптестерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бірақ, Еуродақ қандай да бір ортақ шешімге әлі келген жоқ. Отандастарымызға виза алу тәртібін жеңілдету үшін қазіргі таңда жан-жақты келіссөздер жүріп жатыр. Оның нәтижесі алдағы маусым айында нақты белгілі болуы тиіс. Алдымен дипломаттар мен мемлекеттік қызметкерлердің Еуродақ елдерінде еш кедергісіз жүріп тұруына рұқсат алынбақ. Өйткені, шенген аумағына кіруге қажетті визаға қол жеткізу нағыз-қиямет қайым. Алдымен, қағазбастылық көп. Оның үстіне сан түрлі құжаттың рәсімделуі де, ұзаққа созылады. Осы олқылықты бір ізге түсіруге арналған кеңесте Еуродақтың өкілі туындаған кедергілерді шешуге болатындығын айтты. Десек те, ортақ келісімге келмес бұрын біраз қаупін айтып қалды. Норбер Жустен Еуропалық одақ өкілдігінің қазақстандағы басшысы: Бұл жерде бар мәселе визаны алуда болып тұрған жоқ. Алдымен миграция, қауіпсіздік мәселелерін шешіп алуымыз қажет. Ал Қазақстан азаматтарына виза алуды жеңілдету бойынша, бір ортақ келісімге келеміз деп ойлаймын. Сәуір айының басында Еуродақ мемлекеттерінде виза алудың арнайы кодексі енгізілді. Жаңа талап бойынша, шетелге шыққанда төлқұжаттың қолданыс мерзімі он жылдан аспауы тиіс. Ал шенген аумағына енуге рұқсат беретін визаның құны алпыс евроға бағаланып отыр. Енді еуропа мемлекеттерінде еш кедергісіз жүріп-тұруға мүмкіндік мол. Последние новости рубрики
28.11 (10:51) Партиялық тұғырнама
25.11 (10:45) 2005 жылы тағайындалған сенаторлар жылы орнымен қоштасты 24.11 (11:32) 2012 жылы Қазақстан БСҰ мүше болуы мүмкін 25.10 (11:36) Тони Блэр - Қазақстанның экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі 24.10 (11:30) Кубалық өтініш 13.10 (10:57) Қазақстан ядросыз әлем құруды көздейді 10.10 (09:42) Екі ел арасындағы ынтымақтастық |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||