Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 697    Танымдылық: Орташа рейтинг : 2.83 Қайдан 18 Дауыстар   
24 Мам., 2010 10:21 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Тәуелсіздік жетістіктері мұражай төрінде


Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Тәуелсіздіктің жетістіктері" атты республикалық акция аясында көрме оздырылды. Шараның мақсаты - тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында барша жұртты еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстыру.

Ел тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойына арналған бұл көрме "Нұр Отан" ХДП-ның облыстық филиалымен ұйымдастырылып отыр. Шараға келгендерге 1991-жылдан бері жеткен жетістіктеріміз бен Қазақстанның әлемдік аренадағы зор беделі туралы айтылды. Мұражай қызметкері бұндағы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін атап өтсе, артынан еліміздің бас қаласына айналған Астана жайлы бейнеролик көрсетілді.
Асыланбек Сарқұлов
"Нұр Отан" ХДП БҚОФ қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі:
Бүгінгі шараның жастарға тарих жайында толық мағлұмат алуға және еліміздің белсенді, патриот тұлғалары болып қалыптасуына септігін тигізеді.
Шараға "Жас Отан" Жастар Қанатының облыстық филиалының ұйымдастыруымен жүргізіліп келе жатқан "жас саясаткерлер" мектебінің оқушылары қатысты. Сонымен қатар, жоғары және орта арнаулы білім беру орындарының студенттері де келді.
Олжас Иманғазы
Жәңгір Хан атындағы БҚАТУ-нің 1-курс студенті, "Жас саясаткерлер" мектебінің оқушысы:
Бүгінгі көрмеге келіп отырған "Жас саясаткерлер" мектебі оқушылары қаламыздың ішкі саяси жұмыстарына қатысып, үлкен іс-шараларды жүзеге асыруда белсенділік танытып жүр.
Көрмені ұйымдастырушылар бұндай шаралар алдағы уақытта облысымыздың барлық аудандарында да жалғасын табатынын айтып отыр.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6218 & 14 Сұрау