Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 288    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар   
26 Мам., 2010 11:36 ["МТРК" телеарнасы, Петропавл]

Жасыл алаңда қаржыгерлер


Петропавл қаласындағы қаржы институттарының арасында шағын футболдан турнир өз жалауын көтерді. Дүбірлі додада 15 банкінің құрама командалары өзара күш сынасуда.

Қаржы институттарының арасындағы турнир биыл 15 -інші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын жанкүйерлердің саны артып келеді. Тіпті ашылу салтанатын тамашалауға 100 -ден аса адам жиылды.

СНХР: Жомарт Қажырақымов
Титр: "Ұлттық банкі" ММ СҚОФ директоры
((Соңғы 3 жылда Альянс банк биік шыңнан көрініп, жүлделі орындарға ие болды. Алайда 愦灭лентркредит, ТұранӘлемБанкі, Халық Банкілері де жақсы ойындарымен ерекшеленеді...))

Өткен жылғы турнир жеңімпазы Альянс Банкінің құрамында биыл бірқатар өзгерістер бар. Сондықтан жеңіске жету оңайға түспейді, дейді команда капитаны Нариман Сабдинов.

СНХР: Нариман Сабдинов
Титр: "Альянс банк" АҚ СҚОФ сектор меңгерушісі
/аударма - Екі жыл қатарынан жеңімпаз атанып келеміз. Біз биылғы додада да кубокқа үміткерлердің қатарындамыз. Сайыста жақсы ойын көрсетіп, жанкүйерлеріміздің үмітін ақтауға барынша тырысамыз./

Алғашқы ойынды Альянс банкі Нұрбанкпен өткізді. Бұл - қарсыластардың қақпасына соғылған алғашқы доп. Ал есепті екінші голмен Нариман Сабдинов еселеді.

Интершум: гол!!!

Жалпы мұндай әдемі соққылармен Альянс банкі қарсыластарының қақпасына 9 доп салды. Ал Нұрбанк тек бір голмен ғана жауап бере алды. Қорытынды есеп 9:1.

Интершум: жанкүйерлер - УРААА!!!

Атап айту керек, Альянс банкінің құрамасы алдағы күндері үздік командалармен кездеседі. Сондықтан босаңсуға әлі ерте. Турнирдің қортындысы мамырдың 30 -ы белгілі болмақ.


Түпнұсқа

» 25 Мам., 2010 15:00 футбол / "МТРК" телеарнасы, Петропавл

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.4215 & 15 Сұрау