|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
«KADEX»-тен күтеріміз көпБүгін көп күттірген көрменің ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Абдолла ГҮЛ де арнайы ат басын бұрды. Қос басшы алдымен Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік дайындығын тамашалады. Алыстан ат терлетіп келген меймандар алдымен Қазақстан Қарулы күштерінің қауқарын тамашалап көрді. Қонақ аз отырып көп сынайды. Сондықтан өздеріне артылған жауапкершілік жүгін терең сезінген жауынгерлер аянып қалмады. Барын салды. Сарбаздар жауға тойтарыс берудің сан түрлі тәсілін көрсетіп, соңғы үлгідегі әскери техникаларын да паш етті. Әуеден парашютпен секіріп, кез-келген жағдайда жедел әрекет ете алатындығын да дәлелдеп берді. Ал көкте қалықтаған әскери ұшақтарға көптің назары ерекше ауды. Қазақ пен түрік президенттері сарбаздардың өнерін тамашалап болған соң көрме жұмысымен жіті танысып шықты. Ал көрмеге әлемнің 20 мемлекетінен келген 200-ден астам компанияның өнімдері қойылған. Оның барлығы да қорғаныс саласына қажетті әскери техникалар. Олардың ішінде бірнеше мың шақырым жердегі нысанды күл-талқан ете алатын қауқарға ие зымырандар да бар. Бұдан -басқа тұңғыш рет өтіп отырған көрмеге Қорғаныс министрлігі қолда бар техникасының түр-түрін қойды. Соның «БТР - 80» танкісі. Салмағы ауыр танкі жер талғамайды. Құрғақта суда да жүре береді. Нұрлан Қуанышев «Қалқан» шұғыл әрекет ету тобының сарбазы: 3 мың метрге дейін оқ жаудыра алады. Мүмкіндігі мол. Салмағы 13 тонна. Жалпы, шетелдік меймандар Қазақстан Қарулы күштерінің қуатына жоғары баға берді. Ал осы алаңға қойылған сан түрлі әскери техниканың барлығы да соңғы үлгіде жасалған. Бірақ , оны игеретін мамандар тапшы. Түйіні тарқатылмаған тағы бір проблема бар. Ол Қарулы Күштерімізді өзімізде шығатын қару-жарақпен қамтамасыз ете алмай отырғанымыз. Мұндай мәселенің барын бұрынғы Қорғаныс істер министрі Мұхтар Алтынбаев та мойындап отыр. Мұхтар Алтынбаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты: Соғыс уақытында бізде 10 патронның 9 бізде шықты. Қазір біреуін де шығара алмай отырмыз. Сондықтан өзіміздің зауыттар меңгеру керек Қарулы күштерді қару-жарақ техникамен қамтамасыз етуі қажет. Шетелден сатып ала бергенше өзімізде жасалуы керек қой. Бұл олқылықтың орнын толтыруға осындай басқосулар үлкен септігін тигізуі тиіс. Өйткені, көрме аясында қару-жарақ шығаратын мемлекеттермен түрлі келісімге келіп, өзара тәжірбие алмасу жоспарланып отыр. Жоғары партия мектебі ашылды Последние новости рубрики
20.10 (10:49) Олимпиадалық лицензия үшін күрес
12.10 (09:55) Алтынға бергісіз күміс 06.10 (16:16) Жеңімпазды қарсы алу 16.08 (12:19) "Барыс" турнир жеңімпазы 16.08 (10:29) Футбол. Ақжайықтың ірі жеңісі 15.08 (16:29) Трамплиннен секіру. Әлем кубогы 10.08 (11:21) Шайбалы хоккейден халықаралық турнир |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||