Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 275    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
27 Мам., 2010 12:39 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Ақжайық тағы да есе жіберді


Ұлттық премьер-лига сатысында өтіп жатқан ойындардың екінші айналымында оралдық "Ақжайық" тараздық командамен кездесті. Бұл жолы оңтүстіктен келген тарландар оралдық спортшыларды 3:2 есебімен жеңіп кетті. Ақжайықтықтардың жанкүйерлері ойынға көптеп келді.

Премер-лиганың 12-ші турында кездескен "Ақжайық" пен "Тараз" тартысты ойын көрсетіп, жерлес команданың легионері Мозес Саки ойынның 38-ші минутында есеп ашты. 1:0 - "Ақжайық" алда. Бірінші таймның соңғы минуттарына дейін ақжайықтықтар қарсылас команданың айып алаңында бірнеше шабуылдар жасады. Алайда, ақжайықтық ойыншылардың екпініне қарсы амал жасаған тараздықтар бірінші таймның 79 минутында есеп теңестіре білді. Біздің команданың қорғаныс шебінде қателік кетіп, Тараздың шебер шабуылшысы Қонысбаев голдың авторы атанды. Есеп теңестірілгеннен соң екі команда да екпінмен екі жақтың да қақпасына алма-кезек қарымта шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде тараздықтар "Ақжайық" қақпасына тағы бір гол салды. Есеп - 2:1. Алайда, араға бір минут салып "Ақжайық" тараздықтарға тағы бір гол салды. Есеп 2:2. Екі команда тең түсті. Ойын соңына 7 минут қалғанда тараздық теңбіл доп шеберлері "Ақжайықтың" айып алаңында шабуыл жасап, тағы бір голды қақпаға тоғытты. Есеп 3:2. Тараздық команда бұл кездесуді жеңіспен аяқтады.
Андрей Чернышов
Ақжайық ФК бас бапкері:
Ойын өте тартысты өтті. Негізі біздің ойыншыларға тараздықтардан басым түсуге болатын еді. Өздеріңіз көрдіңіз, ойыннның соңғы минуттарына дейін біздің ойыншылар қарсыластардан кем түспеді. Алайда, жеңіс бізге бұйырмады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5182 & 14 Сұрау