Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 434    Танымдылық: Орташа рейтинг : 8.00 Қайдан 2 Дауыстар   
8 Маусым, 2010 11:09 ["Отырар-ТВ" телеарнасы, Шымкент]

Сахнада журналистер


Қолына қалам ұстаған журналистер өздерін сахнада көрсетуге тырысты. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында қаламызда алғаш рет ән,поэзия,жыр додасы ұйымдастырылды. Оған жергілікті телеарналар мен басылымдардың қызметкерлері қатысты.

Алғашқы болып сахнаға жүрексінген жастардың тілегін орындап, "Южный Казахстан" газеті бас редакторының орынбасары Кеңес Исмайлов шықты. Талай рет түрлі ортада гитарасымен ән шырқап жүрген тілші әріптестер арасындағы сайыста алғаш рет додаға түсуі екен.

Отырар телеарнасының эфирінде жаңалықтарды жеткізіп жүрген жүргізуші әрі, жас журналистердің бірі Мақсат Жақсыбаев ән айтуымен бірге оны итальян тілінде шырқап, көпшілікті таң қалдырды.

Телеарнаның белгілі жүргізушілері Владимир Хан мен Жазира Сәрсенбаева әріптестерінен қалмай, бірі гитарамен бірі эстрадалық ән шырқады. Бұған дейін әннің сөзін жазып жүрген ақын Жазира енді әнші Жазираны танытты.

Жылда БАҚ-ның арасында спорттан жарыс өтетін. Биылғы ерекшелік өнер додасы болып отыр. Бұл күні тілшілердің бірі күмбірлетіп күйі шертсе, бірі мұң бұрала би биледі. Байқауда бағын сынға салуға жергілікті және республикалық телеарналар меншікті журналистері, облыстық газет-журналдардың тілшілері қатысты.

Байқау қортыныдысы бойынша 1-ші орын Отырар теларнасының тілшісі Жазира Сәрсенбиева мен жиналғандарға жырын тарту еткен Оңтүстік қазақстан газетінің тілшісі Асқан Майлыбаеваға бұйырды. Екінші орынды ОҚ газеті мен ҚШ телеарнасы өзара бөлісті. Үшінші орын Мақсат Жақсыбаев пен Дөңгеленген дүние және жанубий каз газетінің тілшілерінің еншісінде.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5138 & 14 Сұрау