Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 267    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар   
15 Маусым, 2010 09:23 ["Отырар-ТВ" телеарнасы, Шымкент]

Ақсукенттегі апат


Бүгін Сайрам ауданының орталығындағы жеке кәсіпорын өртке оранды. Бірнеше адам қатты зардап шекті. Қазір аудандағы дәрігерлер денесінің басым бөлігін күйік шалған жандардың өмірі үшін күресіп жатыр. Оқиға орнынан қолымызға тиген жантүршіктірер кадрлар алдағы бейнематериалда.

Ақсукенттегі апат. Бүгін Сайрам ауданының орталығындағы жеке кәсіпорын өртке оранды. Бір неше адам қатты зардап шекті. Қазір аудандағы дәрігерлер денесінің басым бөлігін күйік шалған жандардың өмірі үшін күресіп жатыр. Оқиға орнынан қолымызға тиген жантүршіктірер кадрлар алдағы бейнематериалда.


Ақсукенттегі бояу шығаратын зауыттың күлі көкке ұшты. Таңғы сағат оннан асқанда мұнда жойқын жарылыс болған, артынша кәсіпорын отқа оранған. Тілсіз жау ауыздықталды, әйтседе шығын көлемі қомақты. Бір неше адамның денесін қатты күйік шалған.

Зардап шеккендердің барлығы аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. БІрақ мұнда күйік бөлімі жоқ. Әйтсе де өрттің ортасынан шыққандарға шұғыл медициналық көмек қажет болатын. Қазір денісінің басым бөлігін күйік шалған 3 әйел және бір ер азамат жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың өмірі қыл үстінде тұр дейді дәрігерлер. Қазір өмір мен өлімнің ортасындағы оларды алып қалуға Шымкенттен шақырылған мамандар күресіп жатыр.

СИНХ, заведующий травмотологическим отделение ЦРБ Сайрамского района. Навруз...
Час назад доставили, с пожара, произошел взрыв. Состояние всех пострадавших крайне тяжелое...

Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс жасап жатыр. Бірақ олар өрт неден болған деген сұраққа ләм мим демей отыр. Белгілісі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3938 & 14 Сұрау