Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 443    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
18 Маусым, 2010 13:55 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Өткен жылдың бюджет дауы бүгін Сенатта жалғасты


Жоғарғы заң шығарушы орган депутаттары да,Үкіметтің 60 млд теңгені игере алмауын қатты сынға алды. Себебі қазына қаржысының тиімсіз жұмсалуынан мемлекеттік бағдарламалардың біразы аяқсыз қалған.

Сенаттағы текетірес жайлы Астанадағы меншікті тілшіміз Ербол Сейілхан әңгімелейді.

Бүгін Сенатта Үкіметтің мүддесін қаржы министрі қорғады. Мемлекеттің есеп - қисабына жауапты Болат Жәмішев тас - қамал қорғануға тырысқанымен, депутаттар шабуылдауын тоқтатқан жоқ .Бірінен кейін бірі үдете түсті.

СНХ: ҒАНИ ҚАСЫМОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

( Кто сейчас ведет народными деньгами , кто сейчас главбух? Министерство свое тащит, «Самурык-Казына» свое, что за безобразье творится а? )

МӘТІН: Зор дауысты Ғани Қасымовтың айғайынан кейін шенді шенеуніктердің әбден мазасы қашты. Оның үстіне Есеп комитеті төрағасының баяндамасы да,отқа май құя түскендей болды.

СНХ: ОМАРХАН ӨКСІКБАЕВ - ҚР БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

((( Жаңа ғана қаржы министрі айтты естіген боларсыздар 60 млд теңге игерілмей қалды. Одан қалды Үкіметтің кредиторлық қарыздары артып келеді. )))

МӘТІН: Ал Үкіметтің қыруар қаржыны керегіне жарата алмауын сенаторлар жауапсыздық ,- деп бағалады!

СНХ: ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

( Өте жоғары лауазымды қызметкерлердің өзінде жауапкершілік жоқ. Мемлекеттік сана жоқ. Парламент, не президент жон терісін сыпырмайынша, отыра береді, өздері ешқандай шара қолданбайды. )

МӘТІН: Ал премьер жіберген қателіктерін ресми түрде мойындағаны белгілі. Кәріне мінген Кәрім Мәсімов бюджет қаржысын игере алмаған шенеуніктерді қатаң жазалауға да уәде етті. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, айыптыларды анықтауға кірісіп кетті.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5164 & 14 Сұрау