|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді |
|
27 маусымБүгін балық шаруашылығы күні. 1997 жылы Тәжікстанда ұлттық келісімге қол жеткізу жөнінде жалпы келісім жасалды. 1969 жылы сексуалды аз топтардың өз құқықтары үшін күресі басталды. 1960 жылы Қазақстанда кітапхана қызметкерлерінің алғашқы сьезі болып өтті. 1954 жылы әлемде тұңғыш рет атом электр стансасы жұмыс істей бастады. 1936 жылы СССР-де түсік алдыруға тыйым салынды. 27 маусым балық шаруашылығы күні Халықаралық балық шаруашылығы күні 1984 жылы Римде болған балық шаруашылығын дамыту мен реттеу жөніндегі халықаралық конференцияның шешіммен бекітілді. Өткен жылы балық шаруашылығының жаңа ережесі бекітілді. Енді ұсталған балықтар мен шаяндарды ұстауға байланысты салықтың көлемі анағұрлым ұлғайды. Одан басқа балық аулаушылар тағы бір ережеге тап болды. Таяуда қабылданған «су заңы» бойынша өзендер мен көлдер жеке қолға жалға беріледі. Сондықтан балық аулаушылар балық аулау жөнінде су иелерімен өзара жеке келісім жасайтын болды. 1997 жылы 27 маусымда Тәжікстанда ұлттық келісімге қол жеткізу жөнінде жалпы келісім жасады. Осы күннен бастап елде азаматтық соғыс аяқталды. Ол 1992 жылы бұрқ ете түсті. Сарапшылардың пікірінше бұл «ескі гвардиямен» жаңа саяси күштердің арасындағы билік үшін күрес болатын. Оған діни қозғалыстарда араласты. 1969 жылы 27 маусымда сексуалды аз топтардың өз құқықтары үшін күресі басталды. Нью-Йорк пен Кёлн қаласында полицияның «көгілдірлерге» қатысты озбырлығына қарсы гомосексуалистер мен басқа сексуалды аз топтардың наразылық шерулері өте бастады. «Өмір сүр, басқаларға да өмір сүруге мүмкіндік бер» - бұл олардың басты ұранына айналды. Гомосексуализм Кёлн қаласында танымал терминге айналды. Бұған таң қалудың қажеті жоқ. Өйткені бір миллион халқы бар қаланың 200 мыңға жуық тұрғыны сексуалды аз топтарға жатады. 1991 жылдан бері сексуалды аз топтардың шерулері саяси шеруден гөрі мереке есебінде атап өтіліп келеді. 1960 жылы 27 маусымда Қазақстанда кітапхана қызметкерлерінің алғашқы сьезі болып өтті. СССР кезінде әлемдегі ең кітап құмар ел саналып келді. Мұның бір себебі ол кезде әрбір ауылда дерлік арнайы кітапхана болатын. Өкінішке қарай 90 жылдары Қазақстанда олардың үштен екісі қысқарып кетті. ҚР статистика жөніндегі агенттіктің дерегі бойынша Қазақстанда бүгінгі таңда 3539 кітапхана жұмыс істейді. Оқырмандардың саны жыл сайын 2,3 пайызға өсіп келеді. Өткен жылы қазақстандықтар кітапханаға 35 миллион рет келіпті. Республианың жалпы кітапхана қорында 68 миллион кітап, 8,2 мллион мерзімді басылым, 200 мың электронды басылым, кино және фотоқұжаттар бар. 1954 жылы 27 маусымда әлемде тұңғыш рет атом электр стансасы жұмыс істей бастады. Станса Обнинск кенті маңында іске қосылды. Кейін Мәскеу қаласынан 105 шақырым жерде орналасқан бұл елді мекен үлкен қалаға айналды. 1936 жылы 27 мусымда СССР-де түсік алдыруға тыйым салынды. Ал ажырасу жүйесі барынша күрделендірілді. Кеңес Одағы жоғарғы сотының мүшесі судья Сольц абортқа тыйым салу шрасын былай түсіндіреді: -«жұмыссыздық мәселесі болмайтын социалистік қоғамда әйелдің ана болу бақытынан бас тартуға құқы жоқ». 1693 жылы 27 маусымда Лондонда «Ladie’s Mercury» - «Әйел жаршысы» журналы басылып шыға бастады. Басылымның сұрақ-жауаптан тұратын арнайы айдары болды. Бұл кейінірек «мәселе бетіне» айналды. Қазір әлемде ондаған мың әйел азаматтарға арналған журналдар бар. Көпшілігі әдемі әрі жылтыр етіп басылады. Бұл журналдар әр түрлі сәндер, макияж, шаш үлгісі және т.б. айдарлардан тұрады. Бүгінде ең танымал журналдарды айтатын болсақ, олар мысалы: Burda Moden. Vogue. Elle. Cosmopolitan. Marie Claire. Лиза. She. Harper’s Bazaar және т. б. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||