|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Газтурбиналы станса іске қосылдыАуқымды шара бүкілхалықтық телекөпір арқылы елордамен тікелей байланыста өтті. Маңызды жобалардың бірі ГТС-54 деп аталатын бұл стансаның ірге тасы 2008 жылы қаланған болатын. Алайда қаржыландыру ісі кешеуілдеп, 2009-жылдың қыркүйегінде ғана қайта жанданды. Бұл жұмыстарға 400-ге жуық жұмысшы жұмылдырылып енді міне газ турбинасының бірінші турбинасы іске қосылды. Жаңа ГТС-тың қуаттылығы 56 Мегаватты құрайды. Үш блоктың әрқайсысының қуаты 18 мегаваттан. ГТС-тен бөлінген жылу осы маңайдан бой көтерер жылыжайлар мен қаланың жаңа ықшамаудандарына жіберілмек. Аталмыш салтанатты шара Қазақстан бойынша тікелей эфирмен телекөпір арқылы тарап, ел ордадағы ел басымен әр облыстың әкімі бетпе бет дидарласуға мүмкіндік алды. Газтурбиналық станциясы барлық заманауи технологиямен жабдықталған. Қарашығанақ мұнай-газ кенішінен газды қабылдап, оны турбинамен айналдыру арқылы біздің облыс пен қоса сырт облыстарды да жылу және электр қуатымен жабдықтайтын нысанды салуға 45 млн. АҚШ доллары кеткен. Аталмыш нысан өңіріміздегі электр қуатымен жылуды үнемді әрі арзан бағамен таратуға мүмкіндік бермек. Бүгінде облысымызда жалпы құны 240 млрд. тг құрайтын 40 ірі жоба іске асырылып жатыр. Олардың тоғызы республикалық индустрияландыру картасына енгізілген тың бастамалар. Бұл тоғыз жобаның құны 90 млрд.тг бағаланып отыр. Жаңа ГТС та осының ішінде. Станса тарататын жылудың бір бөлігі осы жерден салынатын жылыжайларға берілмек. Бұл да өңіріміздегі көкөніс бағасын реттеуге мүмкіндік берері анық. Последние новости рубрики
13.12 (11:34) Қазақстан пен Литва арасындағы ынтымақтастық
12.12 (12:22) Алматы метросы - жылдың ең үздік жобасы. 08.12 (10:37) Елордада елміздегі ең үздік тауар көрме-байқауы басталды 29.11 (10:36) Қазақта жер көп бірақ халыққа беретін телім жоқ 21.11 (12:11) Самұрық Қазына қоры 2012 жылғы сатып алу науқанын бастады 11.10 (09:26) Биыл ел диқандары 25 млн тоннаға астық жинауды болжап отыр 05.10 (14:07) "Казэнерджи" Еуразиялық форумы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||