Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 261    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
29 Маусым, 2010 16:22 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Мергендер сайысы


Қаламызда мергендер сайысы басталды. Қазақстанның 7 облысынан жиналған отанқорғаушылар алдағы 1 апта бойы алуан түрлі кезеңдер бойынша сынасатын болады. Ішкі істер министрлігінің арнайы тапсырмасы бойынша оздырылып отырған сайыс қаламызда тұңғыш рет өткізіліп отыр. Оған қаладан 40 шақырымдай жерде орналасқан "сұңқар" полигоны арнайы іріктеліп алынған.

Соған сәйкес, әр облыстан жиналған ең үздік жұпты мергендер намысты қолдан бермей, өз өңірін алдыңғы қатарға шығаруға тырысты.
Жалпы жаттықтырушылардың айтуынша, сайысқа түскен мергендердің барлығы да бір -бір аймақтың мықтылары. Құралайды көзге атқан олардың жас ерекшеліктері де осы кәсіпке жарасымды. 20-жастан жоғары болса дағы, жаттығу жұмыстарының жемісі сан жылғы тәжірибелі снайперлерден кем емес. Мамандардың айтуынша, мықты мерген болу үшін асқан шыдамдылық пен нысанаға дейінгі аралықтағы есеп ерекше ескерілуі тиіс.
Қазіргі күні қаламыздағы 5517 әскери бөлімі сарбаздар қатарын молайту бағытында жұмыстар жүргізе бастаған. Мәселен биыл бөлімшеге 100-ден астам жас сарбаз қабылданған. Бөлім командирінің айтуынша, өткен жылғы өрендердің денсаулық жағдайларына қарағанда биылғылардың дене бітімдері мен абыройлы қызмет атқаруға деген құлшыныстары да жаман емес. Айта кету керек, аптап ыстыққа қарамастан, қызметтік киімдерін киіп, сайыста бақ сынасу мүмкіндігі мергендер үшін 1 апта бойы жалғаспақ.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5978 & 14 Сұрау