Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 309    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар   
30 Маусым, 2011 09:30 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

30 маусым


1930 жылы Қазақстанда алғашқы қуыршақ театры ашылды. 30 маусым - АҚШ-та ақ құбаша келген әйел азаматтардың күні. 1956 жылы Кеңес Одағы Орталық комитеті "жеке басқа табыну мен оның салдары" туралы қаулы қабылдады. 1908 жылы Сібір жеріне Тұңғыс метеориті құлайды. 1948 жылы Англияда алғашқы транзистор тамашаланды.

1930 жылы Қазақстанда алғашқы қуыршақ театры ашылды. 30 маусым - АҚШ-та ақ құбаша келген әйел азаматтардың күні. 1956 жылы Кеңес Одағы Орталық комитеті "жеке басқа табыну мен оның салдары" туралы қаулы қабылдады. 1908 жылы Сібір жеріне Тұңғыс метеориті құлайды. 1948 жылы Англияда алғашқы транзистор тамашаланды.

1930 жылы 30 маусымда Қазақстанда алғашқы қуыршақ театры ашылды.
90-шы жылдардың басында Қазақстанда бұл сала жайына қалған болатын. Экономикалық қиындықтарға байланысты өнер ұжымдарының көбісі аяғынан тұрып кете алмады. Мүмкін содан болса керек қазір республикада бары жоғы алты қуыршақ театры бар. Дегенмен 2001 жылдан бастап өнердің бұл саласы қолға алына бастады. Осы Алматыда тұңғыш республикалық қуыршақ театрларының фестивалі болып өтті. Қазір ол халықаралық мәртебеге ие болған. Оған Ресей, Татарстан, Қырғызстан және басқа да көршілес елдердің қуыршақ театрлары қатысуда.

30 маусымда АҚШ-та «ақ құбаша» келген әйел азаматшалардың күні.
Бұл күнді атап өту бастамасын алғаш рет Лос-Анджелес қаласының ақ құбашалардың құқығын қорғау клубы көтерген. Әйелдердің айтуынша жұмыс берушілер оларды басқа түсті әйедерге қарағанда ақылы кемдеу деп санап, жұмысқа қабылдай бермейтін көрінеді.
Клубтың арыз хатында «біз ақ құба келген әйелдердің ақылы кемдеу, қолынан көп нәресе келе бермейді деген ақымақ пікірді жоққа шығарғымыз келеді» деп жазылған.

1956 жылы 30 маусымда Кеңес Одағы орталық комитеті «жеке басқа табыну мен оның салдары» туралы қаулы қабылдады.
Партияның жабық түрде өткізілген 20-шы сьезінде Никита Хрущев өз баяндамасында Сталиннің саясаты мен жасаған қылмыстарын әшкерелейді. Алайда Хрущев соңғы 30 жылда болған экономикалық өзгерістердің дұрыстығына күмян келтірмеген. Осы сьезден кейін саяси тұтқындар бостылып, қуғын-сргінге ұшырағандар ақтала бастады.

1908 жылы 30 маусымда Сібір жеріне Тұнғұс метеориті құлайды.
Құлағандағы жарылыстың қуаты 20 мегатонға жетіп, оның толқыны 5-6 шақырым биіктікке көтерілген. Бұл Хиросима қаласына тасталған бомбаның күшінен 100 есе артық. Қазіргі есептемелерге қарағанда бұл құлаған метеориттің салмағы бір миллион тоннадан бес миллион тоннаға дейін болуы тиіс. 1927 жылдан бастап метеорит құлаған жерде бірінен соң бірі сегіз зерттеу экспедициясы жұмыс істеген. Жарылыс екпінінен 30 шақырым жерде орналасқан ағаштарға дейін құлаған. Ал от ұшқындарынан орасан зор аумақтың ормандары өртке оранады. Жарылыс орасан күшті шуылмен жалғасқан. Жақын маңда орналасқан елді мекендердегі тұрғындардың айтуынша бірнеше жарық түндер болыпты. Алайда бір қызығы бірде-бір экспедиция метеориттің бірде-бір түйіршігін таппаған. Тұңғұс метеориті жөнінде бірнеше ғылыми зерттеулер жазылды. Тіпті метеорит емес бөгде планеталық ұшу кемесі апатқа ұшыраған деген де пікір бар. Бірақ әлі күнге дейін оның сыры ашылмай келеді.

1948 жылы 30 маусымда Англияда алғашқы транзистор тамашаланды.
Транзистрдің авторлары Уильям Шокли, Уолтон Браттейн және Джон Бардин 1956 жылы жартылай өткізгіш транзсистр жасап оның жұмыс істеу қасиетін зерттегендері үшін Нобель сыйлығына ие болды.

1870 жылы 30 маусымда Америка азаматшасы Ада Кепли юрист дипломын алып әлемдегі тұңғыш заңгер әйелге айналды.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар

24.01 (07:36) 24 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5633 & 14 Сұрау