|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Сыр өзені ернеуінен астыАбырой болғанда адам шығыны жоқ. Су басқан ауылдағы ағайынның жағдайын отырар телеарнасы тілшілері біліп қайтты. Түркістандықтардың дегбірі қашты. Мұндағы Сырдария, Жалаңтөс және Қаратөбе ауылдары түгелдей су астында қалған. Ұйқысынан оянған жұрт тізеден келетін су кешуге мәжбүр болды. Олар жеті түнде үйі құламай аман қалғанына қуанады. Оразгелді Мырзабековтың 500 га жайылымдық жерін су басып қалды. Мал шығыны бар. СНХ Оразгелді Мырзабеков - ауыл тұрғыны 21.24-21.27+24.39-24.58 Малдар өліп жатыр +++ Мына Сырдария өзенінен жоғары қарай шыққанда 15 километрге дейін жайылып кеткен су сол. 1 километрдегі үйдің бірі мал жан қалып кетті ғой. Бар техникам тракторым, шөп, пресс техникам 20 шақты судың ортасында тұр. Апаттың алдын алу жергілікті басшылық қауқарсыз. Есесіне нағыз апат су тартылған соң болуы мүмкін деп отыр. Өйткені су басқан 50 мың гектардан асатын жайылымдарда жабайы аңдар шетінен қырылып жатыр. Әліпбек Өсербаев - Түркістан қаласы әкімінің орынбасары ТС: 4.12-4.34 Қоян шошқалар қырылды деп айта аламын. Қазір баспанасыз қалғандар жаппай көшіріліп жатыр. Кей адамдарға жалданған пәтер ақысы әкісдік тарапынан төленуде. Бара жері жоқ адамдар ашық аспанда көліктердің үстінде түнеуге мәжбүр. Сәбит Мондыбаев - Сырдария ауылының тұрғыны «Түннен азанға су бірден алып кетті. Мынау төсек орнымызды мынау техниканың төбесіне шығарып қойдық. Біраз заттарымыз суда жатыр. Оны шығарып та үлгерген жоқпыз. Құлайтындары құлап жатыр». Ауыл тұрғындары жабылып бөгет жасамақ та болыпты. Бірақ жайылып аққан суға шамасы келмеген. Солақ екен Балтакөл мен Түркістанды жалғайтын жолды су шайып кетті. Апаттан осы жердегі жаңадан салынып жатқан көпір құрылысы да тоқтап қалды. Денис Сова - «ЖБИС» ЖШС прорабы «Биылғы жылы су деңгейінің қатты көтерілуінен біздің жұмыстар тоқтап тұр. Кедергі келтіруде. Осылай тұра берсе жұмыс істей алмайтын түріміз бар. Бүгінгі күннің өзінде 1,5 айға кешікті». Жергілікті билік өкілдері бұл тасқынды Шардара қоймасындағы су деңгейінің көтеріліп кеткендігімен байланыстырады. Әліпбек Өсербаев - Түркістан қаласы әкімінің орынбасары ТС: 6.54-7.16 «Қазіргі таңда су уже 1600 келіп жатыр. Ал 1200 ден Сырдарияның несі 1200 ден артық қабылдай алмайды. Бұл арнасынан асып тасиды деген сөз. Бұл жөнінен біз облысқа хабарладық. Бұл жөнінен әлі толық шешім тапқан жоқ». Ауылдарда су деңгейі төмендемей тұр. Салдарынан шығын көлемін есептеуге де мүмкіндік боллмауда. Илхам Базартайұлы, Камила Сайфуллина ОТЖҚ Түркістаннан. Последние новости рубрики
09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды
20.01 (12:43) Қандықол жүргізуші бостандыққа шығарылды 21.12 (10:36) Қазақстан үкіметі Жаңаөзен проблемасына мойын бұрды 21.12 (10:30) Жаңаөзендегі тәртіпсіздікке саяси баға 21.12 (10:29) Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қирап, өртке оранған нысандарды қалпына келтіруге 1,9 млрд теңге қажет 07.12 (15:02) Алматыда тағы бір жол полициясы қызметкері қаза тапты 06.12 (14:13) Лаңкестердің қылмысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||