|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді |
|
7 шілде7 шілде 1963 жылы Алматы қаласының маңындағы Есік қаласы тау селінен зардап шекті. 1980 жылы Алматыда ТУ-154 ұшағы апатқа ұшырады. 7-ші шілде Иван Купала күні 1896 жылы АҚШ-та тұңғыш рет волейбол ойыны ойлап табылды. 1963 жылы Алматы қаласының маңындағы Есік қаласы тау селінен зардап шекті. 1963 жылғы сел бір қарағанда тыныш көрінетін тау өзенінің үлкен қауіп төндіретінін көрсетті. 7 шілде күні күтпеген жерден Жарсай шатқалындағы тау көлі арнасынан шығып, 3-4 сағаттың ішінде 7 миллион куб тас, құм аралас лай суға айналады. Сол, жексенбі күні есік өзенінің маңына демалуға келген жүздеген адам селдің құрбаны болды. Биіктігі 40 метрге жеткен толқын жолындағы кездескен көпір, көлік, бөгеттерді, су электр стансасын, шарап, май зауытын шайып кетеді. Әзірге дейін селдің салдарынан қанша адам қаза болғандығы белгілісіз. 1980 жылы Алматыда ТУ-154 жолаушы ұшағы апатқа ұшырып, 163 адам қаза тапты. Ұшақ Алматыдан Симферополь қаласына жол алған болатын. Шілде айының 7-нен 8-не қараған түні сағат 24 сағат 40 минутта әуе жай маңындағы орналасқан ауданның тұрғындары жақындап келе жатқан шуылдан оянады. Ұшақтың экипажы соңғы сәтке дейін апатты болдырмауға күш салған екен. Сол түні ауа-райы ашық болған. Ұшақтың қозғалтқыштары да ойдағыдай жұмыс істеп тұрған. Бірақ соған қарамастан ұшып-қону жолағынан көтерліген ұшақ 5 шақырмды ғана басып өте алған. Апаттың салдары үлкен қиындықпен, тек математикалық моделдей әдісінің көмегімен ғана анықталды. Жерден көтерілген ұшаққа жоғарыдан секундына 10 метр жылдамдықпен тіке төмен құлаған жел ағыны тап береді. Ұшақ тек 30 метрге ғана төмендеуі тиіс болатын. Алайда жел қысымының күшті болғаны соншалық ол ұшақты жерге дейін төмендетеді. Ұшаққа бары жоғы 40-50 метр биіктік жетпей қалған. 7 шілде - Иван Купаланың күні. Купаланы католиктер маусымның 23-нен 24-не қарған түні атап өтсе, православтар шілденің 6-нан 7-не қараған түні атап өтеді. Купала - бұл Иоанн Шоқындырушының халық қойған аты. Ол Исус Христосты шықындырушы. Бұл күн көптеген салт-дәстүрлерді біріктірген. Мысалы бұл күні адамдар алау жағып, одан секіретін болған. Ең биік секірген адамның еккен астығы бітік шығады деп саналған. Сонымен қатар суға шомылу, хормен ән айту сияқты дәстүрлер арқылы халық астық бітік шығуына тыныштық пен молшылықтың болуына үміт артқан. Иоанн Купала қазір өзінің діни маңызын жойып, қарапайым мерекеге айналған. 1896 жылы АҚШ-тың Спрингфил қаласында тұңғыш рет волейбол ойыны ойналды. Оның авторы Үйльям Джордж Морган. Ол Холиоко қаласындағы жас христиандар Ассоциациясының нұсқаушы болған екен. Морган өзінің бизнесмен достарына арнап аяқтан шалмайтын, жұлқыласпайтын, итеріспейтін бір ойын ойлап таппақ болады. Сөйтіп ол баскетболдың, бейсболдың, теннистің және гандболдың әдістерін біріктіре отырып осы волейбол ойынын ойлап табады. Бір жылдан кейін волейбол ойыны жұртышылық назарын ұсынылған соң, оның 10 параграфтан аспайтын ережесі жасалады. Тағы бір жылдан кейін осы ойынға арнап арнайы доп жасалды. Ал 1922 жылы Бруклин қаласында волейболдан тұңғыш жарыс өтті. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||