|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
9 шілде9 шілде 1921 жылы Верный қаласы селмен ағып кетті. 1965 жылы АХБК – Алматы мақта-мата комбинаты жұмысын бастады. 1887 жылы алғашқы қағаз майлық пайда болды. 1958 жылы Аляскада ең үлкен – 524 метр – цунами толқыны тіркелді. 1921 жылы Верный қаласы селмен ағып кетті. 8-інен 9-ына қараған түні нөсер жаңбырдың салдарынан сел орын алып, таудан сарқырап аққан ағын Іле Алатауының барлық өзендерін толтырып жіберді. Ірі тасқын Үлкен және Кіші Алматинка, Талғар, Ыссық өзендерімен секундына 4-6 метр жылдамдықпен қозғалды. Күшті толқынның биіктігі 5 метрге дейін барды. Бес сағаттың ішінде қаланың көп бөлігі қираған үйіндіге айналды. 1965 жылы АХБК – Алматы мақта-мата комбинаты жұмысын бастады. Бұл мақта талшығын матаға айналдыратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бүгінде тоқыма станогының орташа құны 80 мың доллар тұрады. Мұнда жылына 15 мың тонна мақта талшығын өңдейді, 5 мыңдай адам жұмыс істейді. Ал мұнда Оңтүстік Қазақстан облысының шикі мақтаны өңдеп, мақта талшығына айналдыратын 16 кәсіпорны өнімдерін өткізеді. Шикізатты Өскемен, Шымкент, Алматы , Талдықорған, Павлодар, Шу, Ақтөбе, Астана, Атырау, Қарағанды қалаларының тігін фабрикалары сатып алады. Ал, дайын тігілген өнімдерді «Қазақстан темір жолының » «Жолаушы тасымалдау» ЕМК (еншілес мемлекеттік кәсіпорны), республиканың қарулы күштері сатып алады. Сондай-ақ бұл өнімдерге Ресей, Украина, Италия, Испания, АҚШ, Канада елдері тапсырыс береді. 1887 жылы алғашқы қағаз майлық пайда болды. Ағылшын қағаз өндірушісі Джон Дикенсон қағаз өндірушілермен кезекті жылдық кездесуінде осы қағаз майлықты көрсетті. 1958 жылы Аляскада ең үлкен – 524 метр – цунами толқыны тіркелді. Ірі көшкін толқыны рекордтық биіктікке жетті, сағатына 160 шақырым жылдамдықты құрады. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||