|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
14 шілде1954 жылы Принстон университеті алғаш рет компьютерлерді жеке қолданысқа бере бастады. 1936 жылы Англияда газ қайтарғыштар (противогаз) жаппай түрде өндіріле бастады. 1946 жылы бала дәрігері Бенджамин Споктың атақты "Бала күтімі" атты кітабы жарық көрді. 1789 жылы Ұлы Француз төңкерісі басталды. 14 шілде 1954 жылы Принстон университеті алғаш рет компьютерлерді жеке қолданысқа бере бастады. 1936 жылы Англияда газ қайтарғыштар (противогаз) жаппай түрде өндіріле бастады. 1946 жылы бала дәрігері Бенджамин Споктың атақты "Бала күтімі" атты кітабы жарық көрді. 1789 жылы Ұлы Француз төңкерісі басталды. 1846 жылы атақты этнограф, белгілі қоғам қайраткері Николай Миклухо-Маклай туды. 1954 жылы Принстон университеті алғаш рет компьютерлерді жеке қолдануға бере бастады. Сол күннен бастап компьютер жеңісті түрде әлемге саяхат жасап кетті. Ал, қазақстандықтардың үйлеріне арнайы машиналар бірнеше жыл бұрын ғана жетті. Қазақстан социологтары мен саясаткерлерінің зерттеуі бойынша, қазақстандықтардың 35 пайызының ғана компьютерге қолы жеткен. Қазақстанның 17 қаласын қосып есептегенде: Үйде – 10,7% немесе 414 мың адам компьтер қолдана алады. Жұмыста – 16,7 % немес 646,1 мың адам қолдана алады. Үйде әрі жұмыста – 7,7 % немесе 297,9 мың адам қолдана алады. 1936 жылы Англияда қыруар газқайтарғыш (противогаз) өндіріле бастады: әрбір адамға біреуден! Профессор Зелинскийдің теориялық және тәжірибелік мәліметтеріне сәйкес Куммант атты инженер резеңкеден бетперде (маска) жасап шығарды. Бетке жабысып тұратын резеңкеге фильтрленген ауа арнайы түтік арқылы кіреді. Нағыз газқайтарғыш жасауға төрт ай уақыт кетіпті. 1946 жылы Споктың «Балаға күтім» кітабы жарық көрді. Бұл кітапты есімі әлемге әйгілі педиатр әрі педагог Бенджамин Спок әлемдегі аналардың бала тууға қорықпауы, баланы дұрыс тәрбиелеуі үшін жазды. «Бала және оның күтімі» кітабының алғашқы басылымы 1946 жылы АҚШ-та жарық көрді. Аталмыш кітап әлемдегі ана буындардың столүстілік кітабына айналды, мұнда автор балалар тәрбиесінің барлық қыр-сырын ашып көрсеткен – нәрестені тамақтандырудан мектеп жылындағы жыныстық ержетуіне дейін қамтыған. 1789 жылдың 14 шілдесі – Ұлы Француз төңкерісінің бастау алған күні. Бұл күні париждіктер 7 тұтқынды босатып, Бастилияны басып алды, ол Париждің әрі қорғаныс бекінісі ғана емес әрі түрмесі болатын. Бастилияны басып алу – адамзат тарихындағы жойқын оқиға. Ол төңкерістік жолмен саяси бостандыққа жетем дегендердің символы болып қалды. 1880 жылдан бастап Бастилияны басып алған күн Францияда ұлттық мейрам ретінде тойланады. Бұл күні туылғандар: 1846 жылы атақты этнограф, қоғам қайраткері Николай Николаевич Миклухо-Маклай дүниеге келді. Миклухо-Маклай көбінесе Тынық мұхиты аралы мен Австралияның, Оңтүстік-Шығыс Азияның байырғы тұрғындарының антропологиясы мен этнографиясын зерттеді. 1881 жылы Жаңа Гвинеяда отарлауға қарсы тұра алатын тәуелсіз мемлекет ретінде Папуас одағын құрудың жобасын жасап шығарды. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||