|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Су құрбандарыСудан құтқарушылар іздестіру жұмыстарын алдымен Салық департаменті ауданынан бастады. Апалы-сіңлілі Самал мен Гүлжанар осы жерде суға шомылған көрінеді. Қос қыздың із-түзсіз жоғалғанын байқаған балалар ересектерді көмекке шақырады. Света Свешникова ТИТР: қала тұрғыны - Мен осы жерде қармақ салып отырғам. Насос маңында суға шомылып жүрген балалардың өз қызығы өзінде, у-шу болып, мәре-сәре болып жатты. Кейін бір бала екі қыз суға батып кетті деп көмек сұрап келді. Суға секіріп, олар көрсеткен жерді сүңгіп суды шарлай бастадық. Бірақ, ештеме таба алмадық. Кейін қолымыздан келмеген соң, құтқарушыларды шақырдық, ал олар бір сағаттан кейін келіп жетті.)) Суасты ағысының күшті болуына байланысты, іздестіру жұмыстары кейін Мәңгілік алау маңындағы қалалық жағажайда жалғасты. Сүңгуірлер су астын шарласа да, тәулік бойы жүргізілген жұмыстар нәтижесіз аяқталды. Кейін араға күн салып, түс ауа 14 жасар Самалдың денесі су бетіне қалқып шықты. Алексей Туз ТИТР: Құтқарушы - Жайық ағысы қатты, қауіпті өзен, сондықтан, әзірге нақты бір байламға келе қойғанымыз жоқ. Қыздар салық басқармасы маңында суға батса ағыспен осы жерге дейін ағып келуі де мүмкін. Немесе кері кетуі де мүмкін. Бірақ, сүңгуірлер тобы іздестіріп жатыр.)) Кейін қыздар суға батқан жерден адам денесіне ұқсас нәрсе байқалғаны туралы хабар келіп түсті. Оны осы маңда суға шомылып жүрген балалар көріпті. Ринат Қабесов ТИТР: қала тұрғыны - Осы жерде жүзіп жүр едім. Су астына сүңгігенде қыздың денесін көрдім, інім екен деп шошып кетіп, су бетіне шықсам інім аман екен. Бірақ, көргенім қыз баланың денесі, қызыл, қара түсті киімі бар. Кейін қайта сүңгігенде оны көре алмадым.)) Қазір сүңгуірлер 17 жастағы Гүлжанарды іздестіріп жатыр. Айта кетелік, бүгін Қаратөбе ауданындағы Қандыөзек көлінде тағы бір қыз баланың суға кеткені мәлім болды. Осылайша, тілсіз жаудың Оралдағы құрбандары 28 адамға жетті. Олардың сегізі кәмелет жасына толмаған жеткіншектер. Последние новости рубрики
09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды
20.01 (12:43) Қандықол жүргізуші бостандыққа шығарылды 21.12 (10:36) Қазақстан үкіметі Жаңаөзен проблемасына мойын бұрды 21.12 (10:30) Жаңаөзендегі тәртіпсіздікке саяси баға 21.12 (10:29) Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қирап, өртке оранған нысандарды қалпына келтіруге 1,9 млрд теңге қажет 07.12 (15:02) Алматыда тағы бір жол полициясы қызметкері қаза тапты 06.12 (14:13) Лаңкестердің қылмысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||