Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 275    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
14 Шілде, 2010 09:23 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Орман өрті


Жайсыз жаз орманшыларды да әлекке салып отыр. Жыл басынан бері облысымызда 200 гектарға тарта орман алқабы отқа оранған. Егер жасыл желектің өңір аумағының небары бір ғана пайызын құрайтынын ескерсек, бұл - орны толмас шығын. Мамандар дерегінше, тілсіз жаудың жиілеуіне адамдардың өздері кінәлі.

Сондықтан, оларға қауіпсіздік қағидаларын ескертіп, ереже бұзса жазасыз қалмайтынын құлаққағыс қылған жөн.

Тоғайдың өзенмен шектескен беті қазір демалушылардан аяқ алып жүргісіз. Жасыл желектің арасы күнделікті күйбең тірліктен тынығу үшін таптырмас орын. Мұнда келуші қонақтар суға шомылып, отқа кәуап қақтайды. Ал өрт сөндірушілер ұсынған қауіпсіздік ережелеріне сай, от жағылатын мұндай ошақтар ашық алаңқайда орналасуы тиіс, от жағатын жердің айналасы дөңгелене қазылып, шоқтың желмен ұшпауы да ескерілген жөн. Бірақ, іс жүзінде олай емес, ағаштың түбінде от жағып, алауды сөндірместен, сол күйінде тастап кететіндер де бар. Бүгінгі тексеру кезінде инспекторлар тынығушыларға ескерту жасап, ереже бұзғандарға айыппұл салды. Айта кетелік, айыппұлдың ең төменге мөлшері 5 АЕК көлемінде. Бұл шамамен 7 мың тг жуықтайды.

Аяқасты пайда болған инспектор салған айыппұлға наразылығын білдіргендер де табылды. Бірақ, заң бәріне де ортақ.
Қазір өзен жағалауындағы тал-теректің түбі түрлі тұрмыстық қалдықтарға толы. Бұған шала сөндірілген оттың орнын қосыңыз. Жасыл желектің мұндай мүшкіл күйге түсуі осында келген адамдардың салдыр-салақтығының кесірі. Аптап ыстықта орман орасан зор жылдамдықпен өртенеді дейді мамандар. Егер тілсіз жау ауыздықталмаса, санаулы күнде жүздеген гектар жердің отқа орануы да ғажап емес.

Биыл орман өрттерінен келген шығын орасан, жыл басынан бері 200 гектардан астам орман алқабын жалын шарпыған. Егер орман-тоғайлар облыс территориясының бар болғаны бір ғана пайызын құрайтынын ескерсек, келген шығынның қандай залалды екендігін өзіңіз есептей беріңіз.
Тілсіз жаудың жиілеуіне жол берген айыптылар бүгінде әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Ақжайық және Шыңғырлау орман шаруашылықтарының басшыларына осы олқылықтары үшін әкімшілік айыппұл салынған. Бірақ, лауазымды тұлға - шенеуніктерді жалаң жауапқа тартқаннан жағдай түзелмейді. Әрбір азамат қоғам байлығы - ортақ меншік екендігін ұғынып, табиғатқа келтірер кеселдің қаншалықты залалды екендігін білген жағдайда ғана орын алған ахуалдың түзелері анық. Бұл үшін қоғамдық сана өзгеруі керек дейді орманшылар.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.387 & 14 Сұрау