Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 336    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар   
14 Шілде, 2010 15:11 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

16 жастағы бозбала құтырма індетінен көз жұмды


Түлкібас ауданында Кезен ауылының 16 жастағы тұрғыны құтырма ауруынан көз жұмды. 3 шілдеде ол ауруханаға келген екен. Келесі күні дәрігерлер оған құтырма диагнозын қойған. Ал 10 шілде күні бозбала қайтыс болды. Тақырып бойынша бейнематериал бар.

Қазір дәрігерлер аурудың қалай жұққаны жайында бас қатыруда. Өйткені науқастың денесінен ешқандай жарақат табылмаған.

Отбасы 16 жастағы жігіттің індетті қалай жұқтырғанын білмей дал болуда. Ауруды тек ушыққан кезде ғана байқаған. Бозбаланың бойынан аурудың белгілері біліне бастапты.
Мұхтар Медетбеков
- қазақша

Дәрігерлер бозбаланың денесінен ешқандай жарақат таппаған. Қалай жұқтырғаны белгісіз болып қалды. Тек кейін ғана оның інісімен бірге бұдан жарты жыл бұрын көрші әжейдің итін көмуге көмектескені белгілі болды. Ит байлаулы болған екен. Бірақ ауылға қасқырлар мен түлкілер жиі бас сұғады. Індетті солар алып келулері ғажап емес. Енді мұны нақты анықтау мүмкін емес.

Фархад Сыдықалиев
- Біз ит көмілген жерді тағы да тексеріп көрдік. Иттің басын зертханалық тексеруге бердік. Алайда мал дәрігерлерінің айтуынша зерттеу жүргізу мүмкін емес. Итте құтырма індеті болғанын дөп басып айту тіптіқиын. Тек болжам.

Негізі ауру ит қауып алғаннан кейін инкубациялық кезең бір жылға дейін созылуы мүмкін дейді санэпидемиологтар. Сондықтан итті көмуге көмектескен екінші бала қазір індетке қарсы ем алуда. Оңтүстік Қазақстанда вакциналар жетерлік. Тек жануарларға құтыруға қарсы салынатын вакцина жетіспейді.

Мұүрат Бейсенбаев
- Біздің ауданда тек ресми түрде 20 мың ит тіркелген. Ал екі мың ғана вакцина бөлінді. Оның жартысын қолданып қойдық.

Биыл оңтүстікте 10 мың дай адамды ит қауып алған. Оның өзінде бұл тек дәрігерге хабарласқандар ғана. Өткен жылы 15 мың адам дәрігерге жүгініпті. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсе түсуде.

Жұмағали Медетов
- Облыс бойынша қаржы бөлініп жатыр. Биыл 19 миллионнан астам теңге бөлінді. Қазіргі таңда 24 мың мысық, ит, қасқыр жойылды. Бірақ бұл аз. Облыстық әкімдікте әкім екінші жарты жылдықтың бюджетін талқылау барысында қажетті қаржыны табуды бұйырды.

Дегенмен, Оңтүстік Қазақстанда маусымның басында Сайрам ауданының тұрғыны құтыру індетінен көз жұмды. Өткен жылы елдегі 14 құтырма індетіне шалдығудың 10-ы Оңтүстік Қазақстан жерінде болды.

Титр Шымкент




От бешенства умер 16-летний парень в тюлькубасском районе. Третьего июля парень обратился в больницу, на следующий день консилиум врачей поставил диагноз бешенство, а 10-го житель села Кезен скончался. Теперь врачи гадают, как произошло заражение, ведь укусов на теле парня не обнаружено.


Беды в этом доме не ждали и до сих пор гадают, как 16-летний парень мог заразиться смертельной инфекцией. Неладное заметили слишком поздно, у парня уже начали проявляться главные признаки болезни.

Мухтар МЕДЕТБЕКОВ, ЗАВЕДУЮЩИЙ ИНФЕКЦИОННЫМ ОТДЕЛЕНИЕМ ЦРБ: (каз)
- Парень поступил к нам 3 июля, он уже боялся воды. Мы когда его стали умывать, он задохнулся. Мы его экстренно определили в отдельную палату. Врачи с областного центра приезжали и поставили диагноз бешенство.

Укусов на теле парня врачи не обнаружили и, способ заражения бешенством оставался загадкой. Только позже удалось выяснить, что молодой человек вместе с братом полгода назад помогал соседке-старушке похоронить ее домашнюю собаку. Животное во дворе держали на привязи, но в ауле дикие волки и лисы частые гости, возможно, они и принесли инфекцию. Выяснить это теперь невозможно.

Фархад СЫДЫКАЛИЕВ, ЗАВЕДУЮЩИЙ ЭПИДОТДЕЛОМ СЭС:
- Мы заново вскрыли место захоронения собаки. И отдали голову на лабораторную экспертизу. Однако ветеринары говорят, что провести исследования сейчас невозможно и нельзя стопроцентно определить было ли у собаки бешенство. Дело в том, что мозг за полгода уже разложился.

Инкубационный период после укуса больной собаки может длиться до года, утверждают санэпидемиологи. Поэтому один контактный, который помогал хоронить собаку, сейчас получает антирабическое лечение. Вакцины для людей в Южном Казахстане хватает, вот только не хватает вакцины для профилактики бешенства у животных.

Мурат БЕЙСЕНБАЕВ, НАЧАЛЬНИК РАЙОННОГО УСЭН:
- В нашем районе только официально зарегистрировано 20 тысяч собак. А вакцин выделено лишь 2 тысячи и половину мы уже истратили.

В этом году собаки уже покусали более 10 тысяч южан, и это только те, кто сообщил об этом врачам. Для сравнения, в прошлом годус укусами обратились 15 тысяч человек. И этот показатель растет каждый год.

Жумагали Медетов, заместитель начальника УСЭН ЮКО:
- Хоть по области выделяются деньги. В этом году более 19 миллионов тенге выделили. На сегодняшний день уничтожено 24 тысяч кошек, собак, волков. Но этого мало. На облакимате аким дал поручение , чтобы при обсуждении бюджета на второе полугодие изыскали средства.

Меж тем, в Южном Казахстане в начале июня от смертельной инфекции умер житель сайрамского района. В прошлом году из 14 случаев бешенства по стране 10 произошли на юге.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6945 & 14 Сұрау