|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
15 шілде1669 жылы Сицилиядағы ең рі Этна жанартауының атқылауы тоқтатылды. 1852 жылы Лев Толстой баспаға өзінің алғашқы әдеби туындысы "Балалық" повесін табыс етті. 1997 жылы атақты үлгіші Джанни Версача қаза тапты. 1669 жылы Сицилиядағы ең ірі Этна жанартауының атқылауы тоқтады. Оның атқылауы төрт айға созылып, жер қойнауынан 830 миллион куб метрлік лава ақты. Тарихи дерекнамаларда Этнаның бұған дейін 71 рет, ал осы атқылаудан кейін, яғни 1900 жылға дейін 26 рет атқылаған екен. 1852 жылы Лев Толстой баспаға өзінің алғашқы әдеби туындысы – «Балалық» повесін табыс етті. 1851 жылы болашақ жазушы Кавказға әскери қызметке орналасқан соң, әдебиетпен шындап айналыса бастады. Ол Кавказдан Алексей Некрасовтың «Современник» журналына өзінің аталмыш «Балалық» повесін жіберді. Толстой өз хатын: «...мен сіздің үкіміңізді тағатсыздана күтемін. Ол, не маған сүйікті ісіммен одан әрі қарай айналыса беруге демеу болады немесе қолға алған барлық бастамамды отқа өртеп жіберуге мәжбүр етеді» - деп аяқтаған екен. 1917 жылы кадеттер Уақытша үкіметті тастап шығып, билікті әскери диктатор генерал Корниловқа табыстауды ұйғарды. Уақытша үкіметтің төрағасы Керенский большевиктерден көмек сұрайды. Сөйтіп тарихта «Шілде күндері» деген атқа ие болған ІІІ-ші Үкіметтік дағдарыс басталды. Петроградта "Бар билік Советтерге берілсін" деген ұранмен қарулы солдаттар, матростар мен жұмысшылардан құралған (500 мыңға жуық) дүбірлі жиындар өтті. Большевиктік басшылық бұл шеруді Уақытша үкіметті қарудың күшімен құлатуға пайдаланғысы келді. Алайда бүлік үкіметке адал әскерлермен және полициямен басып тасталып, Корниловтың өзі тұтқындалды. 1997 жылы атақты үлгіші Джанни Версаче қаза тапты. Модельер бір-бірімен ешқандай үйлесімге келмейтін маталарды: жібек пен алюминий, былғарыны немесе аң терісін лазерлік өңдеу және басқа да мата дайындауда экстраваганттық әдістерді қолданып тәжірибе жасаудан ешқашан қорықпайтын. Версачеден Голливуд жұлдыздарының көпшілігі киінетін, ол – сәннің қазіргі қоғамда әлеуметтік-мәдени дүниетанымның бір бөлшегі, сондықтан сән үлгісі адамға рахат сезім сыйлап, жағымды әсер қалдыру керек екендігін таныған модельерлердің ішінде ең алғаш адам. Оның сән көрсетілімдері қарапайым үңгірден алшақ, яғни бай сахналық суретке толы нағыз көрсетілімдер болатын. Версаченің арқасында сән әлемінде «супермодель» деген категория пайда болды, көрсетілімге жеке қатысушыларға екі есе, үш есе артық қаламақы төлеуді де сол бастаған болатын. Парижде өзінің сән коллекциясын көрсеткеннен соң бір аптадан кейін «сән императоры» Майамидегі өзінің сән-салтанатты жекежайының табалдырығында қанішердің атқан оғынан қаза тапты. Версаче өзінің вилласының маңындағы «News Cafe»-ден бір шыны аяқ кофе ішіп, газет сатып алып, вилласына қайта оралады. Үйіне жете бергенде оған қара шолақ шалбарлы, ақ майкалы, басына ақ телпек киген жас жігіт жүгіріп келіп, басынан екі рет атып кетеді де, қызыл «Шевроле» фургонына отырып, жоғалады. Фургон қылмыс болған жерге жақын жерден табылды. Қылмыскер қанмен былғанған киімдерді тастап, таза киім киіп, таксиге отырып кеткен. Ал, «Сән императорының» өлімі әлі күнге дейін ашылмаған күйінде қалды. Бұл күні туылғандар: 1606 жылы ұлы суретші Харменс ван Рейн Рембрандт дүниеге келді. Батылдық, кең графика, алтын-қоңыр түсті калорит, жұмсақ жарық, бүркеуіш кейіпкерлер күні бүгінге дейін Рембрандт суреттерінің табынушыларын жайбарақат қалдыра алмасы анық. Суретшінің әлем таныған біртума шығармалары – «Даная», «Флора», «Христос Пилат алдында», «Түнгі шолғыншы», «Үш ағаш», «Қасиетті жанұя», «Адасқан ұлдың оралуы», «Давид пен Саул». Таңқаларлық рембрандттық қоңыр түс пен жарық матаның ішкі жағынан шығып келе жатқандай әсер қалдырады, ол әлемдегі ең мықты деген сурет галереясының өзінде жұртшылық назарын ерекше аударады. Неміс пәлсапашысы Освальд Шпенглер бұл феноменді «тағдыр түсі» деп атады. 1919 жылы ағылшын жазушысы Айрис Мердок дүниеге келді. Ол Оксфорд университетінде классикалық филологияны оқыса, Кембриджде философияны бітірді. Мердок прозасы интеллектуалды салаға жатады. Ол «Торда» және «Қара ханзада» романдарында суретші-кейіпкердің жүріп өткен жолында адамгершілік байлығын байқататын махаббаты мен шығармашылығы жөнінде баяндайды. Сондай-ақ «Перзент сөзі», «Теңіз, теңіз...» және «Пәлсапашының оқушылары» романдары да көпшілікке етене таныс. Өзінің шығармаларында Айрис Мердок аллегорияны, мифтік сюжеттерді мелодрама мен детективті жанр элементтерімен байланыстыра отырып пайдаланады. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||