Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 393    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар   
16 Шілде, 2010 17:13 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

«Бизнестің жол картасы 2020»


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жайынан көптеген кәсіпкерлер хабарсыз. Мұның себебін, алдымен насихат жұмыстарының нашарлығынан іздеуге болады. Осы олқылықты ретке келтірмек болған нұротандықтан кезекті акцияны қолға алды. Бүгін осы бағдарламаны түсіндіру мақсатында "Нұр Отан" партиясы "ашық есік күні" шарасын өткізді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жайынан көптеген кәсіпкерлер хабарсыз. Мұның себебін, алдымен насихат жұмыстарының нашарлығынан іздеуге болады. Осы олқылықты ретке келтірмек болған нұротандықтан кезекті акцияны қолға алды. Бүгін осы бағдарламаны түсіндіру мақсатында "Нұр Отан" партиясы "ашық есік күні" шарасын өткізді. Мұндай түсіндіру жұмыстары еліміздің барлық өңірлерінде жаппай ұйымдастырылыпты.

Насихат жұмыстарының нашарлығын кәсіпкерлермен болған бүгінгі кездесу көрсетті. Мұны ұйымдастырушылар да мойындайды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасымен байланысты кемшіліктердің барлығын оны тікелей жүзеге асыратын органға ғана артып қоюға да болмайды дейді олар. Егер кәсіпкерлер бағдарламаның пайдалы тұстарын сұрастырып, қызығушылық танытар болса, көп ақпараттан қанығар еді. Өкінішке орай, бүгін мұны байқай алмадық.

Айнагүл Ақашаева
ТИТР: "Атамекен одағы" ҰЭП БҚОФ атқарушы директоры
Несие жеңілдетілген түрде беріледі, бірақ, оны кәсіпкерлер білмейді, білсе де сенбейді. Сонда не істеу керек?))
+

Шавхат Өтемісов
ТИТР: ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
Біздер бұл бағдарламаны әбден ойластырып дайындадық, бірнеше бағыты бар...))

Акция кезінде кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға ақыл-кеңес беріледі. Олар «ашық есік күні» шарасына арнайы келген 9 банк өкілдерінен өздерін қызықтырған сауалдарға жауап іздеді.
"Жол картасы-2020" бағдарламасына барлығы 30 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға шағын және орта бизнесті дамыту көзделіп отыр. Ел экономикасының тірегі болар шағын және орта бизнессіз елімізді индустрияландыру мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі шара кәсіпкерлік саласының дамуына өзіндік ықпалын тигізеді деген үміт бар.

Шавхат Өтемісов
ТИТР: ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
Біздер бұл бағдарламаны әбден ойластырып дайындадық, бірнеше бағыты бар...))

Акция ертең де жалғасады, егер жергілікті кәсіпкерлер белсенділік танытар болса...


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3897 & 14 Сұрау