|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді |
|
19 шілде1980 жылы Мәскеу қаласында XX Олимпияда ойындары басталды. 1848 жылы Элизабет Стантон мен Лукреция Мотт Нью-Йорк қаласында әйел құқығын қорғауға арналған сьезд ашты. 1938 жылы актер, әнші, кинорежиссер Вахтанг Кикабидзе өмірге келді. 1980 жылы Мәскеу қаласында XX Олимпияда ойындары басталды. 1848 жылы Элизабет Стантон мен Лукреция Мотт Нью-Йорк қаласында әйел құқығын қорғауға арналған сьезд ашты. 1938 жылы актер, әнші, кинорежиссер Вахтанг Кикабидзе өмірге келді. 1980 жылы Мәскеу қаласында ХХ Олимпиада ойындары басталды. 100-ден аса ел мәскеулік ойынға, 1979 жылы КСРО әскерлерін Ауғанстанға кіргізгені үшін, бойкот жариялады. Ал оның есесін қайтармақ ниетпен, Одақ 1984 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысудан бас тартты. 1848 жылы Элизабет Стантон мен Лукреция Мотт Нью-Йоркте әйел құқығын қорғауға арналған съезд ашты. Съезге жиналған қауым Егемендік Декларациясы үлгісі бойынша жазылған «Сезім декларациясымен» таныстырылды. Сезім декларацисы қоғамдағы әйелдер құқығының шектеулі екендігін жан-жақты дәлелдеп, реформаға шақырды. Бұл съезд әйелдер құқығы қозғалысының дүмпуі болды. 1695 жылы, әйелдер өздерінің қорлықтағы жағдайы жөнінде әлі де ойланбайтын, дәл осы күні ағылшынның «Шаруашылық пен сауданы қалай өркендетеміз» атты жинағы жарық көрді. Онда 30 жастағы жігіттің 3 мың фунты бар, тұрмыс жағдайы жоғары қызбен бас қосқысы келетіндігі жөнінде алғашқы жарнамасы жарияланды. Бұл жол кездің өзінде шын сүйіспеншілікпен қатар, есеп бойынша үйленудің де кең етек жайғанын байқауға болады. 1886 жылы Ференц Лист Люксембург қаласында соңғы концертін берді. Екі күннен соң ол Вагнеров салтанатына қатысу үшін Байрейт (Германия) қаласына келеді де, қатты тиген суықтан төсек тартып қалады. Ауру өкпе қабынуына айналып, Ференц Лист 75 жасында көз жұмды. 1938 жылы кәсіпқой эстрада әншісі, киноактер, сценарист, кинорежиссер, бірнеше әннің авторы Вахтанг Кикабидзе дүниеге келді. Карьерасы үшін ол көп марапатталды: Вахтанг әрі Грузия халық әртісі, әрі КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көптеген халықаралық ән сайыстары мен кинофестивальдарінің лауреаты. Кикабидзе Вахтанг Горгасали патшасының құрметіне арналған ІІІ дәрежелі, Николай Чудотворец пен Ұлы Константин Әулиелерінің серілік кресті ордендерінің иегері. Актер Тбилиси қаласының құрметті азаматы. Ал 1999 жылы ол Мәскеудің «Жұлдыздар алаңына» енді. Кикабидзе ойнаған «Мұңайма», «Мимино» тағы да басқа фильмдер жұртшылық көңілінде терең орын алды. Ол гастрольге жиі шығады. Жақында ол Лондондағы ең мәртебелі зал – «Лондон Палладиумда» өтетін орасан зор концертке қатысу үшін Англияға шақырылды. Бұған дейін ол гастрольмен Қазақстанда болып қайтты. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||