Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 265    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
19 Шілде, 2010 11:41 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

84 жастағы қарияны ұрып-соққан қарақшылар оның 20 мың теңгесі мен радиоқабылдағышын олжалаған


Естімеген елде көп... Тепсе темір үзер екі жігіт 84 жастағы қарияны соққыға жыққан. Олар осылайша зейнеткердің ақшасын олжаламақ болыпты. Кейуананың 20 мың теңгесін тартып алған қос күдікті кейін бірден бой тасалапты. Бірақ, тәртіп сақшылары оларды қолға түсірді.

Естімеген елде көп... Тепсе темір үзер екі жігіт 84 жастағы қарияны соққыға жыққан. Олар осылайша зейнеткердің ақшасын олжаламақ болыпты. Кейуананың 20 мың теңгесін тартып алған қос күдікті кейін бірден бой тасалапты. Бірақ, тәртіп сақшылары оларды қолға түсірді. Егер ұсталған екеу айыбын мойындаса, олардың он жылға сотталуы әбден мүмкін.

84 жастағы Люба Белякова түн ортасында үй ішінен шыққан шудан ояныпты. Не болғанын білмек болған ол кейін белгісіз екеудің үй терезесін таспен сындырып кіріп, бөлменің астаң-кестеңін шығарғанын көреді. Оқыстан пайда болған қарияны көрген қарақшылар одан одан тез құтылмақ болады.

Любовь Белякова
ТИТР: жәбірленуші
Дәлізге шықсам, екі жігіт үйдің ішін ақтарып жатыр. Екеуіне күйініп айқай салдым да, төсегіме бүркеніп қайта жатып қалдым. Олар мені артымнан қуып келіп, ұрып-соға бастады. Жалма-жан қылғындар бастады, тіпті жастықпен аузымды басып тұншықтырды. Әлім жеткенше қарсыласып бақтым. Басымнан, көзімнен қан аққанын сезіп жатып, кейін есімнен танып қалдым.))

Әлжуаз қарияны ұрып-соққан қарақшылар зейнеткердің 20 мың теңгесі мен радиоқабылдағышын олжалапты. Көңілі жайланған олар оқиға орнынан ізін суытса да, полиция уақыт оздырмай оларды қолға түсірді.

Гүлшат Молдағалиева
ТИТР: Орал ҚІІБ баспасөз қызметінің инспекторы
Олардың бірі кәмелетке толмаған, балалар үйінің тәрбиеленушісі. Екіншісі де тентек екен. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.))

Егер күдікті екеудің қылмысы дәлелденіп, мойнына қойылса, онда олар 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы әбден мүмкін. Ал қырық жыл бойы балалар дәрігері болған Люба әжей қазіргі жастардың қатігез екедігін жаны мен тәні қиналып, күйінішін білдіруде.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5117 & 14 Сұрау