|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
21 шілде1969 жылы адамзат тарихында тұңғыш рет америкалық астронавт Нил Армстронг Ай бетіне аяқ басты. 1816 жылы кәсіпкер әрі журналист Пол Юлиюс Рейтер дүниеге келді. Біздің дәуірімізге дейінгі 356-шы жылы Александр Македонский туды. 21 шілде 1969 жылы адамзат тарихында тұңғыш рет америкалық астронавт Нил Армстронг Ай бетіне аяқ басты. 1816 жылы кәсіпкер әрі журналист Пол Юлиюс Рейтер дүниеге келді. Біздің дәуірімізге дейінгі 356-шы жылы Александр Македонский туды. 1969 жылы тарихта адам алғаш рет Айға қонды. Ол американдық Нил Армстронг болатын. Оның алғашқы сөзі: «Бұл адам үшін үлкен қадам емес, бірақ адамзат үшін үлкен секіру» болды. «Аполлон 11» кеме экипажы айда 21 сағат 36 минут бойы тұрды. Айға экспедиция жасау үшін АҚШ 8 жыл дайындалды. Гагариннің ғарышқа сапарына, яғни КСРО-ның ғарышты ең алғаш болып бағындырғанына көндігу Америка үшін қиынға соқты. Миллиардтаған доллар жұмсалған «Аполлон» ай жобасының жалған өнім екендігі жайлы әңгімелер бар. Сыншылар ғарышкердің айға қонғанын көрсететін видеокадрлерді Жерде түсіргенін, яғни Кеңес Одағымен ғарыштық жарыста алға шығу үшін АҚШ-тың берген тапсырмасы екендігін дәлелдеуде. Американдықтар бұл кадрлерді арнайы павильондарда немесе аризон даласында түсіруі мүмкін. Енді NASA өз беделін қорғауға кірісті. Ғарыштық ақпаратты анықтау үшін АҚШ космонавтика саласының беделді сыншысы Джеймс Оберге 15 мың доллар қаражат бөлді. Ол кітабында американдықтардың айға сапарын нақты анықтап, тарихи ақиқат екендігіне көз жеткізбек. Бүгін Александр Македонскийдің туған күні. Ұлы қолбасшы өзін бала кезінен Гераклдың ұрпағымын деп есептейтін. Александр ержүрек, шыншыл болатын. Өз жұлдызына сенетін Александрдың тәрбиесімен, білімімен Ұлы Аристотельдің өзі айналысты. Ол жас жігітке әскери іс пен медицинаны, саясат пен жаратылыс ғылымдарын оқытты. Оқымысты Александрге қатесін өзі түзеген «Иллиаданы» сыйға тартты, ол кітапты қиын жорықтарда да жанынан тастамайтын. Александр көп қайталағанды ұнататын, бұл соғыс жүргізетін ең мықты басшының ерекше қасиеті. 12 жылдық әскери жорық нәтижесінде Александр ең үлкен империяны құрды. Бірақ ұлы империя Македонский өлімінен соң құлады. 1816 жылы кәсіпкер әрі журналист Пол Юлиус Рейтер дүниеге келді. Германилық Рейтер 1840 жылы ағылшын аудармаларын тарататын Берлин мен Париждегі баспа фирмаларын басқарды. 1851 жылы Рейтер Лондонда әлі де өз атымен аталатын әлемдегі алғашқы телеграф ақпарат агенттігін құрды. 1882 жылы ақын және суретші Давид Бурлюк дүниеге келді. Бурлюк досы Маяковскиймен бірге көпшіліктің назарын өзіне аударғанды ұнататын. Маяковский жұртқа таңсық сары жейде мен ала шалбар кисе, Бурлюк жағына иттің суретін салып алатын. Осы түрімен екі дос Мәскеуді аралап, көпшілікке концерт те бере беретін. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||