Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 269    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
21 Шілде, 2010 11:17 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Футбол. "Ақжайық" - "Локомотив" 2:2


ҚР премьер-лигасының 19 турында «Ақжайық» командасы Астананың «Локомотивімен» кездесті. Бұл жолы жерлестеріміз шебер ойын көрсетіп, қарсылас командамен тең түсе білді. Кездесудің соңғы минуттарына дейін Локомотив 2:1 есебімен Ақжайықты жеңіп келген болатын, алайда лигионер Мозас Саки матчтың соңғы минуттарында бір гол салып есеп теңестірді.

Итжығыс та еңбек
ҚР премьер-лигасының 19 турында «Ақжайық» командасы Астананың «Локомотивімен» кездесті. Бұл жолы жерлестеріміз шебер ойын көрсетіп, қарсылас командамен тең түсе білді. Кездесудің соңғы минуттарына дейін Локомотив 2:1 есебімен Ақжайықты жеңіп келген болатын, алайда лигионер Мозас Саки матчтың соңғы минуттарында бір гол салып есеп теңестірді.
Жанкүйерлер Ақжайықтың жеңіске жететінінен күдер үзбепті. Кездесудің бірінші минуттарынан-ақ екі командада алма-кезек шабуылдар ұйымдастырып, жақсы ойын көрсете білді. Жарыстың 26 минутында шебер ұйымдастырылып Ақжайықтық Мальцев есеп ашты. Бұдан кейін қарсылас команда бірнеше мәрте тұтқиылдан шабуылдар ұйымдастырып Локомотивтік Спанов мачтың 39 минутында есеп теңестірді. 1:1.
Астаналықтардың шебер ұйымдастырылған шабуылдары мұнымен сейілмеді. Ақжайық айып алаңында ұйымдастырылған кезекті шабуыл Локомотивке тағы бір гол сыйлады. Голдың авторы – Н.Бугаев. Есеп 2:1. Сөйтіп Локомотив Ақжайықтан бір ұпайға алға шықты. Ойын соңына дейін Ақжайық жанкүйерлері жерлестерімізге сенім білдіргені анық байқалды. Кездесудің 90 минутында лигионер Саки есеп теңестіріп, Ақжайықты абыройсыздықтан құтқарып қалды. Ойын соңында болған баспасөз отырысында Ақжайық жаттықтырушысы Андрей Чернышов өткен ойын оның көңілінен шыққанын жеткізді.
Андрей Чернышов
«Ақжайық» ФК бас бапкері:
- Мен жігіттерге ризамын, жақсы ойын көрсетті. Әсіресе соңғы минуттарда команданы жеңілістен құтқарған голды атап өткім келеді. Көптеген жеңілістерден кейін біздің команда үшін бұл жаман көрсеткіш емес деп ойлаймын. Себебі Локомотвте осал команда емес.
Енді Ақжайық премьер-лиганың 20 турында, 20 шілде күні Алматылық Қайратпен кездеспек.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.554 & 14 Сұрау