Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 258    Танымдылық: Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 1 Дауыстар   
22 Шілде, 2010 10:08 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

22 шілде


1933 жылы тұңғыш рет америкалық авиатор Вилли Поуст жалғыз өзі ұшақпен жер шарын айналып өтті. 1804 жылы I-ші Александр "Цензура" жөніндегі жарғыны бекітті. 1246 жылы Карпини Моңғол империясының астанасы Қарақорымға келді. 1878 жылы балалар ақыны енрих Гольдщмит дүниеге келді. 1946 жылы француз әншісі Мирей Матье дүниеге келді.

1933 жылы тұңғыш рет америкалық авиатор Вилли Поуст жалғыз өзі ұшақпен жер шарын айналып өтті. 1804 жылы I-ші Александр "Цензура" жөніндегі жарғыны бекітті. 1246 жылы Карпини Моңғол империясының астанасы Қарақорымға келді. 1878 жылы балалар ақыны енрих Гольдщмит дүниеге келді. 1946 жылы француз әншісі Мирей Матье дүниеге келді.

22 шілде

1933 жылы тұңғыш рет америкалық авиатор Вилли Поуст жалғыз өзі ұшақпен жер шарын айналып өтті. 1804 жылы I-ші Александр "Цензура" жөніндегі жарғыны бекітті. 1246 жылы Карпини Моңғол империясының астанасы Қарақорымға келді. 1878 жылы балалар ақыны енрих Гольдщмит дүниеге келді. 1946 жылы француз әншісі Мирей Матье дүниеге келді.

1933 жылы америкалық авиатор Вилли Поуст тарихта жалғыз өзі алғаш рет жер шарын айналып өтті. 25 089 километрді Поуст 7 күн 18 сағат 49 минутта жеңіп шықты.

1804 жылы Александр І «Цензура жөніндегі жарғыны» бекітті. Қоғам үшін маңызы зор сөз бостандығы және оны қамтамасыз ету немесе белгілі бір жағдайда оғын тыйым салу тарихта бұрыннан бар. Оған екі мың жылдан аса уақыт болды. Бұл жөнінде керемет мақалалар жазылды, жалынды сөздер айтылды. Ең алғашқы ресейлік цензор Петр І кітап шығаруға жеке өзі рұқсат беріп, өзі тексеріп шығатын. Ал Екатерина ІІ кітап сатушыларға «заңға қайшы, ақ пейілге қайшы, бізге қайшы» кітаптарды сатпау үшін нұсқау берді.

1284 жылы егеуқұйрық аулаушы сыбызғымен арбап, Гамельна қаласынан 130 баланы алып кетті. Қаланы егеуқұйрықтан тазалағаны үшін ақша төлемеген жергілікті биліктен ол осылайша кек алды. Бұл кеміргіштер әлемдегі барлық қалалар үшін бәле болды, тіпті адамдармен дастархандас болып алды деуге болады. Өйткені егеуқұйрықтар адам пайдаланатын тамақтардың бәрін жейді, тез көбеюге бейім. Ғалымдардың айтуынша, олар аналитикалық миы қыртысымен де ерекшеленеді екен. Егеуқұйрықтар адам жүрген жерде жүретіндігімен қоймай, биохимиялық жағынан адамға ұқсас болғандықтан, адам ауруларын тасымалдайды. Оба, сібір мерезі сиқты басқа да жұқпалы аурулардың таралуына бірден-бір себепкер – осы аң. Қала жертөлелерінде тұратын егеуқұйрықтар, тіпті кабельді шаруашылыққа миллиардтаған зақым келтіруде.

1246 жылы Карпини Ұлы Моңғол империсының астанасы – Қарақорымға келді. 1245 жылы Рим папасы Иннокентий ІV-тің Русьті жаулап үлгерген моңғолдардың айбарлы да қауіпті күш екендігіне көзі жетті. Ол моңғол ханымен дипломатилық байланыс жасауды ұйғарды. Орталық Азида экспедицисын жасақтады. Экспедицины француз монахы Джованни дель Плано Карпини басқарды. Қарақорымға жету үшін жылдан аса уақыт кетті. Бұл қала 1220 жылы Шыңғысханның бұйрығы бойынша басып алынған, ал Карпини болса аты аңызға айналған Қарақорым қаласына ең алғаш келген еуропалық. Карпини Папаның дипломатилық байланыс жасау жөніндегі тілегін моңғол ханы Үгедейге жеткізу керек болатын. Ал, Үгедей 4 жыл бұрын қайтыс болған екен. Карпини алғаш рет Еуропаны моңғол салт-дәстүрімен, тарихымен таныстырды. Ол жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін зерттеп, көрген-білгендерін «Моңғол тарихы» деген кітабына жинақтады.

1878 жылы Варшавада белгілі адвокат отбасында Генрих Гольдшмит дүниеге келді. Ол өзіне әдеби бүркеншік атымен, яғни януш Корчак есімімен әлемге әйгілі болды, Гольдшмит – балалар дәрігері әрі тәрбиешісі, әлемде алғашқы «Жетімдер үйін», балалар газетін ашқан балалар ақыны. «Баланы қалай сүю» керек атты кітаптың авторы балалар құқығын қорғап, үлкендерді әлемді өзгертуге шақырды. Ол: «Балалар емес, түсінігі басқаша, тәжірибелік қоры басқаша, әуестігі басқаша, сезімі басқаша адамдар бар», – деп жазды. Корчак фашистер Польшаны жаулап алғанда: «Менің балаларым қайда болса, мен де сонда боламын», – деп, 200 шәкіртімен бірге «Треблинка» канцлагерінің газ толтырылған камерасында қайтыс болды. Оның артында көптеген шығармалары және ең бастысы – күнделігі қалды. Доктор Корчак ерлік өлімімен, балаларға арналған өмірімен дүниежүзіне әйгілі болды.

1946 жылы Мирей Матье француздың Авиньон қаласында кірпіш қалаушының кедей отбасында дүниеге келді. Болашақтағы аты әлемге әйгілі әнші он төрт іні-сіңлілерінің ішіндегі ең үлкені болатын. 13 жасында Мирей екіге оқыған мектебін тастады да заводқа жұмысқа тұрды. Оның жалғыз әуестенетін ісі – әншілік қана. Ол шіркеу хорында және операның табынушысы – әкесімен бірге ән айтты.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

10.02 (08:45) 10 ақпан

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3815 & 14 Сұрау