Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 359    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
22 Шілде, 2010 10:10 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Дүкеннен өрт шықты


Бүгін қала орталығында өрт шықты. Тілсіз жау орталықтағы дүкендердің бірін шарпыды. Дегенмен, айтып келмес тілсіз жау уақытында ауыздықталды. Күндізгі сағат 12-лерде Достық даңғылы 175-А мекен-жайы бойынша орын алған төтенше жағдайға өртке қарсы жасақ қызметкерлері дереу келіп жетті.

Бүгін қала орталығында өрт шықты. Тілсіз жау орталықтағы дүкендердің бірін шарпыды. Дегенмен, айтып келмес тілсіз жау уақытында ауыздықталды.
Күндізгі сағат 12-лерде Достық даңғылы 175-А мекен-жайы бойынша орын алған төтенше жағдайға өртке қарсы жасақ қызметкерлері дереу келіп жетті. Мұндағы тілсіз жау "Трикотаж әлемі" деп аталатын дүкеннен шығып отыр. Өрт түтініне тұншыққан қызметкерлердің барлығы сыртқа бас сауғалап шықты. Ал, өрт сөндірушілер арнайы құрал-жабдықтарын қолданып, тілсіз жауды ауыздықтады.
Александр Полищук
Өрт сөндіруші жасақтың жетекшісі:
- "Трикотаж әлемі" дүкенінде тоқтың тұйықталуы орын алып, соның әсерінен өрт шығып отыр. Дүкен бөлмесінің төбесі өртене бастаған. Қазір тілсіз жау тоқтатылды.
Тілсіз жаудың шығу себебі мен оның зардаптарын енді анықтаушылар айқындайтын болады. Алайда, кәсіпкерлермен көршілес болып отырған үй тұрғындары жиі орын алатын қолайсыздықтар туралы пікірлерін жасырып қалмады.
Нина Аронова
қала тұрғыны:
- Мұндай жағдай осы айдың ішінде екінші рет орын алып отыр. Алдында ғана "Альбина" салоны өртенсе, енді міне дүкенде өрт шығып отыр. Жоғарыда тыныс алу мүмкін емес. Ғимараттың іші көк түтінге тұнып тұр. Сондықтан да сыртта жүрміз. Өрт шығып отырғандықтан, қауіпсіздік шаралары сақталмайтын шығар деп ойлаймын.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4546 & 14 Сұрау