Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 337    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
22 Шілде, 2010 10:12 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Трекинде де өрт көп


Зеленов ауданында да өрт өршіп барады. Құнарлы өлкенің далалық алқаптарында тілсіз жау араға күн салып бас көтеруде. Әсіресе табиғаты жанға жайлы осы ауданға қарасты Трекино ауылының маңында жаз бастала оннан астам өрт шығыпты. Ал мамандар бұған көбіне қаладан келген қонақтар мен жауапсыз жүргізушілердің салақтығын кінәлап отыр.

Зеленов ауданында да өрт өршіп барады. Құнарлы өлкенің далалық алқаптарында тілсіз жау араға күн салып бас көтеруде. Әсіресе табиғаты жанға жайлы осы ауданға қарасты Трекино ауылының маңында жаз бастала оннан астам өрт шығыпты. Ал мамандар бұған көбіне қаладан келген қонақтар мен жауапсыз жүргізушілердің салақтығын кінәлап отыр. Ал жуырда Дариян ауылына апаратын тас жолда қарағайлы орман алқабы отқа оранды.
Соңғы кездері Трекино ауылының аймағында 9 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл тек ресми тіркелген деректер ғана. Мәселен жуырда Дариян ауылына бара жатқандағы тас жол бойындағы қарағайлы орманды өрт шалған. Өзегі өртке оранған мына қарағайлардың тап осындай биіктікке дейін өсуі үшін кем дегенде 30-40 жыл керек. Өрт сөндірушілердің сөзінше көбіне жол бойындағы өрт оқиғаларының орын алуына жүргізушілердің салғырттығы себеп болып отыр.
Жанға жайлы орман-тоғайы мен жағажайларға бай Зеленов ауданына жыл сайын жазғы мезгілде демалушылар көп келеді. Алайда демалыс орындарында от жағып, өрт қауіпсіздігі ержелеріне немқұрайлы қарағандардың да қатары кемір емес. Бұған қоса тас жолдағы көлік жүргізушілернің жол бойы шылым шегуі өрт оқиғаларының орын алуына себеп болып отырған жәйі бар.
Рамазан Исмағұлов
Трекино ауылының әкімі:
- Барлық бәле қалалықтардан шығады...
Қазір Трекино, Дариян ауылдарында арнайы ерікті топтар құрылып, демалуға келгендерге ескерту жұмыстарын жүргізуде. Бұл бастама ауыл маңдарында жие орын алып жатқан өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында жергілікті әкімдікпен ұйымдастырылған.
Исқақ Құсалиев
БҚО ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі" ММ бас маманы:
- Қазір ауданда 8- шілдеден 31-қазан аралығында төтенше жағдай жарияланды. Барлық өрт сөндіру қызметі құрамы мен техника қазір сақадай сай отырмыз.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4189 & 14 Сұрау